Жиһаз сатушыларға шағымданатындар көбейген

12 Қазан 2022, 16:19
716
Бөлісу:
Жиһаз сатушыларға шағымданатындар көбейген

Бұл туралы «Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Светлана Романовская мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қоғамда мемлекет бізді алақол кәсіпкерлерден қорғауға міндетті деген түсінік қалыптасқан. Адамдар қандай жағдайда да тұтынушы болып қалады. Үнемі сапасыз қызмет пен азық-түлікке ақша жұмсай беретін болсақ, соңы не болары белгілі, - деп атап өтті Романовская елордада өткен шеберлік сағатында.

Жиһаз сатушыларға шағымданатындар көбейген

Сонымен қатар белгілі заңгер қазіргі уақытта адамдардан ең көп шағым қай салаға қатысты түсетініне тоқталды. 

Бүгінгі таңда адамдар жиһаз сатушыларға көп шамданады. Әсіресе асүй жиһазын сатып алушылар мүліктің ойындағыдай шықпағанын айтады. Бұған себеп – шарттың дұрыс жасалмауы, айтылмауы, тұтынушының өз құқықтарын білмеуі. Сауда-бөлшек сауда желісіне көптеген сұрақ пен шағымдар келіп түседі және олардың барлығы негізінен сапасыз тауарларды сатқаны үшін ақшаны қайтарудан бас тартып жатады, - деді басқарма төрағасы. 

Айтуынша, Тұтынушылар лигасы ел аумағындағы өнімдердің, жұмыстар мег көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. 

31 жылдан бері ел азаматтарының құқықтарын қорғап келеміз. Осы уақыт ішінде 28 мың еріктісі бар ұйым тұтынушыларға 100 860 906 898 теңге сомасына материалдық және моральдық залалды өтеуге көмектесті. Өмір сүру сапасын жақсарту өз қолымызда. Көмекке мұқтаж жандар s_romanovskaya телеграм-арнасы арқылы жүгінуге болады, - деді лига басшысы.

Өзгелердің жаңалығы