Жигули Дайрабаев Мұхтар Тайжанды принципсіз деп айыптады

9 Қараша 2022, 11:55
1176
Бөлісу:
Жигули Дайрабаев Мұхтар Тайжанды принципсіз деп айыптады

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанға ренішін білдіріп, эмоциямен жауап қайтарды, деп жазады BAQ.KZ.

Дайрабаев өзінің жасының үлкен екенін алға тартып, Тайжанның айтқан сөздері негізсіз екенін айтты. 

Айналайын, Мұхтар сөйлесіп, пікірталасып жүрген азаматсың. Сенің ұятың қайда? адамгершілігің бар ма өзі? Сен мені аға деп жүрген адам едің, бірақ менің президенттікке үміткер ретінде сайланғаныма жаның шығып бара жатыр ма? Пысық болсаң, данышпан болсаң өзің неге түспедің (президенттік сайлауға). Елдің арасына іріткі салып коалицияны да оңдырмадың, сенің жүрген жеріңе шөп шыға ма?! Сенің менде нең бар?, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы