Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің жұптық сынында финалға шықты. Ол армениялық Алина Чараевамен бірге жартылай финалда турнирдің бірінші нөмірлі жұбы – бельгиялық Магали Кемпен мен ресейлік Александра Панованы жеңді.
Тартысты өткен кездесу екі сетке созылып, Құламбаева мен Чараеваның 6:4, 7:6 (7:3) есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 51 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық-армениялық жұп эйс жасамағанымен, алты қос қателікке жол беріп, алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Жібек Құламбаева мен Алина Чараева WTA 250 турнирінің финалына жолдама алды. Финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.