Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды

2 Сәуір 2023, 08:49
1022
Бөлісу:
Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды
Фото: prosports.kz

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Түркияның Анталья қаласында ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ж.Құламбаева ресейлік Дарья Лодиковамен бірге швециялық Жаклин Кабай Авад пен грекиялық Марта Матуламен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаеваның жекелей сында да үздік шығатындай мүмкіндігі бар. Ол жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 909-орында тұрған түркиялық Башак Эрайдынды 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Финалдық жарыста Ж.Құламбаева рейтингте 622-сатыда тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы