Жібек Құламбаева Тунистегі турнирдің жеңімпазы атанды

28 Сәуір 2024, 13:29
343
Бөлісу:
Жібек Құламбаева Тунистегі турнирдің жеңімпазы атанды
Фото: ktf.kz

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Хаммамет (Тунис) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева – нидерландылық Жасмин Гимбрере барлығы төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Соның ішінде жартылай финалда эквадорлық Мария Фернанда Эрасо Гонсалес — алжирлік Инес Иббуді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы бәсекеде Жібек Құламбаева – Жасмин Гимбрере доданың 2-ракеткалары, аустралиялық Кайла Макфи – ресейлік Ксения Зайцевадан 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.

Өзгелердің жаңалығы