Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің жеңімпазы атанды

23 Сәуір 2022, 22:41
1581
Бөлісу:
Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Шымкентте ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Жібек Құламбаева ресейлік Анастасия Сухотинамен бірге финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Ксения Зайцевамен күш сынасты.

Е.Маклакова мен К.Зайцева осы доданың екінші ракеткалары еді. Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Олар екінші сетте де осы қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:4.

Осылайша Ж.Құламбаева жұптық сында чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы