Қазақстандық теннисші, әлемнің 427-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жібек ширек финалда әлемнің 249, жарыстың екінші ракеткасы, хорватиялық Тена Лукасты жарыстан шығарды.
Матчты Лукас қарқынды бастады – 6:1. Бірақ бұдан кейін Құламбаева камбэк жасады – 7:5, 6:4.
Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 35 минутқа созылды.
Осылайша, сенсация жасаған Жібек Құламбаева финалға шығу үшін әлемнің 350-ракеткасы, сербиялық Лола Радивоевичпен таласады.
Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде бірден 371-орынға көтеріліп тұр.