Жібек Құламбаева – Сербиядағы турнир чемпионы

28 Мамыр 2023, 22:22
800
Бөлісу:
Жібек Құламбаева – Сербиядағы турнир чемпионы
Фото: egemen.kz

Қазақстандық Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемнің 447-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Ж.Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 771-сатыда тұрған грекиялық Элени Христофимен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Сөйтіп, Жібек Құламбаева чемпиондық тұғырға көтерілді.

Өзгелердің жаңалығы