ЖИ сот орындаушының жұмысын жеңілдетеді

Бүгiн, 09:43
279
Бөлісу:
ЖИ сот орындаушының жұмысын жеңілдетеді
Фото: primeministr.kz

Елімізде робот сот орындаушы арқылы іс жүргізуді одан әрі дамыту жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты.

Робот арқылы өндіріп алу сомасын жиырмадан қырық айлық есептік көрсеткішке дейін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтардың қаржысын үнемдейді. "Цифрлық ассистент" енгізе отырып, "Өндіріп алушы мен борышкердің жеке кабинетін"жетілдіреміз. Ассистент істің орындалу барысын толық көрсететін болады. Атап айтқанда, сот орындаушының қабылдаған және қабылдауы тиіс шарасын көрсетеді,-деді министр.

Сондай-ақ, аталған платформада тараптар сот орындаушының әрекетіне қатысты шағымдана алады.

Министрдің айтуынша, мүлікке салынған тыйымды, елден шығуға уақытша шектеуді алып тастау және борышкерлер тізілімінен шығару мәселесін автоматтандыру арқылы шешу жоспарланған

Өзгелердің жаңалығы