Жасанды интеллектінің көмегімен Қазақстанда радиологиялық скрининг мерзімі 30 күннен 3 күнге дейін қысқарды. Зерттеулердің орталықтандырылған жүйесі 15 өңірдегі мемлекеттік медициналық ұйымдарды қамтып, өкпе және сүт безі қатерлі ісігін ерте сатыда анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанда диагностикада жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңеюде. Орталықтандырылған радиологиялық зерттеулер жүйесі қазірдің өзінде 15 аймақтағы мемлекеттік медициналық ұйымдарды қамтиды және өкпе мен сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін қолданылады.
«Сүт безі обырын анықтау 32%-ға дейін өсті, скринингтік бағдарламаларды жүргізу мерзімі 30 күннен 3 күнге дейін қысқарды. Зерттеулер саны 4 есеге өсті, ал радиологтың бір зерттеуге жұмсайтын жұмыс уақыты 40 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды», – деді WDSOFT өкілі Ерлан Жәнібеков.
ЖИ эндоскопияда да қолданылады. Колоноскопия кезінде жүйе дәрігерге эпителий түзілімдерін байқауға көмектеседі, өйткені, оларды визуалды тексеру кезінде көрмей қалу ықтималдығы басым.
«ЖИ көмегімен бөгде дене анықталғаннан кейін эндоскопист дәрігер биопсия алу немесе бөгде денені жою қажеттігі туралы шешімді өзі қабылдайды. Бұл тәсіл бөгде дененің одан әрі дамып, қатерлі ісікке айналуына жол бермей, оларды ерте кезеңде анықтауға және жоюға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Эндоскопия департаментінің басшысы Мейрам Құсайынов.
Оның айтуынша, ерте анықтау бұл түзілімдерді қатерлі ісік процесіне айналмай тұрып алып тастауға мүмкіндік береді.
«Біз олардың қатерлі ісікке айналып кетпеуі үшін оларды ерте сатыда алып тастай аламыз», - деді ол.