Жезқазған қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінде болған өрт кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ер адамды аман алып шықты.
Оқиға Деев көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, пәтердің ас үйінде жиһаз өртенген.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері барлау және өртті сөндіру жұмыстары барысында жатын бөлмеден 1988 жылы туған ер адамды тауып, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Кейін ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Өрт шағын аумақта толық сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның өзге бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ.