Жезқазғанда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 21:50
Кеше 2026, 21:50
96
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Жезқазған қаласындағы Аманбай батыр көшесінде гараж бен шаруашылық құрылыстан өрт шықты. Жалын шарпыған аумақ 32 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары өртті қысқа уақытта толық сөндірді.

Өртті сөндіру барысында мамандар гараж ішінен оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Наверх