Жезқазғандықтар сапалы жылумен қамтамасыз етіледі

12 Тамыз 2021, 11:35
1087
Бөлісу:
Жезқазғандықтар сапалы жылумен қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Kazakhmys Energy компаниясы Жезқазған ЖЭО-дағы ескірген қазандық агрегаттарының бірін алмастырады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ескісі өзінің нормативтік мерзімін орындап болды.  Жаңа жабдықтар Жезқазған тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңа қазандықты жеткізуші – "Қызыл қазандық" Таганрог қазандық зауыты.

Қазандық агрегатын жобалау кезінде зиянды шығарындыларды азайту және жұмыстың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін ұлғайту бойынша заманауи технологиялар ескерілді. 

Жаңа қазандық үнемді және экологиялық талаптарға сәйкес келеді. Жобаның жалпы құны 8 миллиард теңгеден асты. Қазандық агрегатын ауыстыру жобасы әзірленді. 

Пайдаланылған жабдықтар толығымен бөлшектелген. Қыркүйектен бастап монтаждау жұмыстары басталады. Жобаны аяқтау мерзімі – 2023 жылғы қаңтар. Салмағы 420 тоннадан асатын негізгі жабдық Топар кентінің ГРЭС-2 қоймасында орналасқан. 

Оны темір жол арқылы Жезқазғанға жеткізеді. Жезқазған ЖЭО қазандық агрегаттарының тозуы 75%-дан асады.

            
                        
        
Өзгелердің жаңалығы