Қарағанды облысының тұрғындары медициналық қызметтерге қатысты сұрақтарына жауап алды

1 Тамыз 2019, 21:15
1641
Бөлісу:
Қарағанды облысының тұрғындары медициналық қызметтерге қатысты сұрақтарына жауап алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазған қаласының Достық үйінде жергілікті емханалар мен ауруханалардың басшылары тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Қала тұрғындары бейресми түрде тек көкейлеріндегі өзекті сауалдарын ортаға салып қана қоймай, дәрігерлердің кеңесіне де жүгіне алды.

«Кездесу «Денсаулық» бағдарламасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен ұйымдары атқаратын жұмыстар ашық болуы тиіс. Біздің акция тұрғындар арасында қолдау тапқандықтан, осындай «Ашық есік күні» бұдан былай тұрақты өтіп тұрады», - деді Жезқазған аймағының денсаулық сақтау басқармасы өкілдігінің басшысы Ләззат Ранова.

Кездесуге жүзден астам адам келді. Жиналған қауым медициналық қызметтерге қатысты барлық сауалдарына жауап алды. Келушілерге кардиологтар, инфекционистер, онкологтар, хирургтер және басқа да бейінді мамандар кеңес берді

Өзгелердің жаңалығы