Жетісулықтардың наразылығын тудырған "Сарыөзек-Көктал" жолы жөнделе ме?

13 Маусым 2023, 13:36
857
Бөлісу:
Жетісулықтардың наразылығын тудырған "Сарыөзек-Көктал" жолы жөнделе ме?
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл мәселені Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында БАҚ өкілі көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Сарыөзек-Көктал" жолы тұрғындар тарапынан наразылық тудырған жолдардың бірі. Құрылыс жұмыстары басталған. Бірақ әлі аяқталмаған. Тұрғындардың тегіс жолда қашан жүретіні - негізгі мәселелердің бірі. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бұл сұраққа жауап берді.

"Сарыөзек-Көкталдың" жолы 4 учаскеге бөлінеді. Біріншісі "Сарыөзектен-Алтынбелге" дейін. Ол жол келесі жылы қайта жөндеуден өтеді. Алтынбелдегі 23 шақырымды жөндеп жатырмыз. Менің бақылауымда. Аптасына бір рет барып көріп тұрамын. Барлық күшімізді салып, қыркүйек немесе қазан айында жолды ашамыз. Оның ар жағында Қоңырбелге дейін жөндеу жұмыстары басталып кетті, - деді облыс әкімі.

Бұған дейін Жетісу әкімі Алакөлдегі тендерлер мәселесі туралы айтты. 

Өзгелердің жаңалығы