Жетісудан батыс пен солтүстікке 8 жүк көлігі жолданды

26 Сәуір 2024, 10:19
220
Бөлісу:
Жетісудан батыс пен солтүстікке 8 жүк көлігі жолданды
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Қайырымдылық керуені 230 тоннаға жуық азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарға толы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көп тілегі көл дегендей, мұқым жетісулықтар қолда бар көмегін арнайы орталықтарға жинап, батыс пен солтүстіктегі ағайынға тапсыруды сұрауда. Сондықтан облыстан осымен оннан астам жүк көлігі жолданған. Әлі де қолда бар затын бөліп беруге бейіл жұрттың қарасы көп.

"Қазақ өзі көп түкірсе көл" дейді. Осы нақыл сөздің қадіріне басымызды іс түскендей бойлаймыз. Міне кәсіпкерлер мен тұрғындар шама-шарқынша жинап-тергенін топан судан зардап шеккен өңірдерге аттандыруда. Ынтымағы жарасқан жұрттың мейірімі елдің көңілін жадыратады. Біз сондағы халықпен біргеміз. Біздің тараптан қандай да бір көмек керек болса әрқашан әзір отырамыз, - дейді облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев.

Жетісудан аттанған жүк көліктері екі тарапқа бөлінді. Бірі Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласына жол шексе, екінші бөлігі Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласына барады. Қаырымдылық керуенінде ас-аухаттан бөлек, киім-кешек те бар. Әсіресе, су басқан жерлерге дәл қазір ауадай қажет суетіктер мен қаптар көбірек жиналған екен. Еріктілер 2 күнде жинастырып, шашпай-төкпей тиеп, көлік иелеріне тапсырды.

Ел басына осындай қиын кезең келгенде халықтың қарап қалғаны ұлтымызға үлкен сын болады. Он адам жүрген жерде із қалады, мың адам жүрген жерде жол қалатынын атам қазақ бекер айтпаса керек. Қарғын су басты дегелі осындағы кәрі мен жас бірлесіп, әлеуметтік көмек жинап, жанын шүберекке түйді. Ел аман болсын, одан артық байлық бар ма? Тезірек, тасқын судың беті қайтып, ел баяғы мамыражай күніне қайта келсе дейміз, - дейді қоғам қайраткері Әміре Әрін.

Өзгелердің жаңалығы