Жетісуда жылу желілері ескірген

21 Шілде 2024, 14:55
411
Бөлісу:
Жетісуда жылу желілері ескірген

Былтыр төтенше жағдайлар орын алмағанымен ескірген қазандықтар ендігі қысқа төтеп бере ала ма деген сауал тұр. Аудандардағы тозығы жеткен жылу желілерін толық ауыстырмай іс өңбейді», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен қыс қатал болды

Былтырғы жылыту маусымы жетісулықтар үшін қаржы ресурстарымен толық қамтамасыз етілуінің, уақтылы дайындықтың және тиісті бақылаудың нәтижесінде штаттық режимде өтті. Төтенше және штаттан тыс жағдайлар бірлі-екілі ғана кездесті. Өңірлік энергия беруші кәсіпорындары өткен жылыту маусымында нысандарды бекітілген кестелерге сәйкес үздіксіз жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырды.

Дегенмен, өткен қысқы кезеңде ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін 5 бағыт бойынша жабылу және шектеу енгізу туралы 15 хабарлама түскен. Атап айтсақ,«Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының жабылуы, Көктум станциясы - Достық станциясындағы жол 2 айға жуық бөгелуі, «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолының жабылуы тіркелді. «Сарыөзек-Көктал-Қоғалы-Қарабұлақ» облыстық маңызы бар автожолы ұзақ уақыт көлік қабылдамады. Одан бөлек «Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар автожолы да істен шыққан еді.

«Былтыр полиция, төтенше жағдайлар департаменттері, автомобиль жолдары басқармасы, аудан және қала әкімдіктері және «Қазавтожол» АҚ филиалымен бірлесіп, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау бойынша облыстың жедел штабы құрылды.Жоғарыда аталған кезеңде Алакөл және Кербұлақ аудандарында бірнеше рет авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Барлығы 281-ден астам адам және 74 бірлік көлік құралдары құтқарылды және эвакуацияланды. Алакөл ауданы бойынша 194 адам, оның ішінде 6 бала, 31 техника қызмет көрсетті. Қысқы кезеңнен өту кезеңінде күн сайын республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда 300-ден астам техника жұмылдырылды», дейді облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов.

Қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін бекітілген жол учаскелерінде жауапты адамдардың тәулік бойы кезекшілік жүргізген. Биыл да осы бағыттан таймауға тырысады.

Есті алған ескірген қазандықтар

Былтыр жылыту маусымына дайындықбарысында Сарқан қаласының орталық қазандығында 92,4 млнтеңгеге тозығы жеткен 2 қазан ауыстырылған. Сондай-ақ 136 млн теңгеге Талдықорған қаласының «Басқуат» қазандығының негізгі жабдықтары, яки 2 бірлік трансформатор және 3 бірлік сорғы алынды. Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының және Үшарал қаласыныңжалпы ұзындығы 2,6 км жылумен жабдықтау желілерінің проблемалық учаскелеріне жалпы сомасы 177,4 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жылыту маусымы ескертусіз өткен.

«Былтыр «Талдықорған қаласының Дарабоз Ана, Абай, Қабанбай батыр, Балпық би көшелеріндегі 1,8 км жылу желілерін қайта жаңғырту» жобасы бойынша бірінші кезеңмен Абай көшесіндегі 600 метр жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталды. Нәтижесінде қаланың орталық бөлігіндегі кейбір нысандар №2 қазандыққа қосылды. Осылыйша Басқуат қазандығының жүктемесі 2-3 Гкал/сағатқа азайды. Сонымен қатар, жылу көздерін, бюджеттік нысандарды және облыс тұрғындарын отынмен қамтамасыз ету тұрақты бақылауда болды. Маусымның қорытындысы бойынша көмір тұтыну көлемі 834,8 мың тонна деңгейінде тіркелді, оның ішінде коммуналдық - тұрмыстық сектордың қажеттіліктеріне 381 мың тонна және халықтың қажеттіліктеріне 453,8 мың тонна.Уақтылы дайындық пен тиісті бақылаудың арқасында халықты қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселелер туындаған жоқ», дейді Ә.Қанағатов.

Жылыту маусымының өту барысында облыстың санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаментімен температуралық тәртіптің сақталуына әлеуметтік саланың 259 нысанын тексерілген. Ерекше тәртіпте 2 100 өлшеу жүргізілді. Оның ішінде білім беру нысандарында температуралық режимді бұзудың 9 фактісі анықталған. Түстеп көрсетсек: Талдықорған қаласында - 6, Ескелді қаласында – 2, Ақсу қаласында - 1. Температуралық режимді бұзғаны үшін нысандарға 849,2 мың теңге айыппұл салынған.

«Қала ішіндегі қазандықтардың көбі егемендікке қол жеткізбей тұрып салынған. Сондықтан олардың істен шығуы, жарылуы бек мүмкін. Апат айтып келмейді, қақаған қыста қысым көбейген кезде тозған қазандықтар атылуы ғажап емес. Солтүстік өңірлердегі жағдай бізге сабақ болы керек. Алдынғы жылы сондай оқиға тіркелді. Бірнеше көпқабатты үйлер электр пештерді пайдаланып әбігерге түскен. Жылу желілеріне мұқият қарау қажет. Қыстың қамын жаз ойла дейдә дана халқымыз. Жауапты мамандар үмені мониторинг жасауы шарт», дейді қала тұрғыны Азат Пернебаев.

Осы ретте айта кетейік, биыл жылыту маусымына дайындық және өткізу үшін облыстық бюджеттен 10,9 млрд.теңге бөлінген. Жылумен жабдықтау нысандарын жөндеуге – 3,9 млрд. теңге; отын сатып алуға – 7 млрд. теңге, кәсіпорындардың өз қаражатынан – 2,1 млрд. теңге көзделген. Соынмен қатар, орталық қазандықтарда 2 турбинаны, 40 қазандықты, 17,5 км жылу, 1,1 мың км электр желілерін және әртүрлі кернеудегі 134 трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу қажет

Жылуға қарыз тұтынушылар көп

Жалпы Жетісуда коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың мерзімі өткен дебиторлық берешек сомасының ұлғайған. Мерзімі өткен берешек 137 млн теңгені құрайды. Оның ішінде жылуға 34,7 млн теңге, электрге – 83,9 млн. теңге, суға – 18,4 млн. теңге қарыз тіркелген. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 2 есе көп берешек.

Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға жалпы ағымдағы дебиторлық берешек 1,6 млрд теңгені құрап отыр. Өткен жылы 936 млн. теңге болған еді. Оның ішінде жеке тұлғалар – 198,6 млн. теңге, заңды тұлғалар – 1,2 млрд теңге, басқалары – 139,8 млн теңге.

««Талдықорғанжылусервис» кәсіпорны тұтынушыларының дебиторлық берешегі 1,4 млрд. теңгені құрады. Жылумен жабдықтаушы ұйымдар алдындағы негізгі дебиторлық берешек облыстыңбюджеттік мекемелеріне тиесілі. Облыстық бюджет бойынша нысандар – 824,3 млн. теңге. Денсаулық сақтау нысандары – 408,8 млн. теңге. Білім беру нысандары – 341,3 млн. теңге. Республикалық бюджет бойынша нысандар – 195,6 млн. теңге.Қалалық бюджет бойынша нысандар – 105,1 млн. теңге. Бұл ретте 2023 жылы денсаулық сақтау нысандарының кредиторлық берешегін өтеуге 844,6 млн.теңге бөлінді. Оның 313,4 млн теңгесі коммуналдық қызмет бойынша берешекті өтеуге бөлінген. Нақты өтелген сома 297 млн. теңгені құрады. Дебиторлық берешекті уақтылы өтелсе, біз көбірек желілерді жөндеп, қажетті материалдарды сатып ала аламыз және оның мультипликативті әсері болар еді», дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.

2024 жылға арналған «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде «ТАТЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасы есебінен 1,6 млрд.теңге сомасына 80,4 км электр беру желілерін және 4 бірлік қосалқы станцияларды жаңғырту жоспарлануда. Жыл қорытындысы бойынша тозуды 2,4 пайызға төмендету болжанып отыр. Осы жылы жылумен жабдықтаудың 4 жобасын іске асыруға бюджеттен 3,9 млрд. теңге бөлінген.

«Қуаттылығы 30 Гкал/сағ болатын Үшарал қаласындағы жаңа қазандықтың құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Шарт бойынша сома 3,1 млрд.тг, игерілген 1,8 млрд. тг (РБ), 2024 жылға 1,3 млрд. тг бөлінді. Бүгінгі таңда 3 қазандық орнатылды, ғимарат қаңқасын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қуаты 12 Гкал/сағ Үштөбе қаласында газбен жұмыс істейтін блокты-модульді қазандықты іске қосу жоспарлануда. 2021 жылдан бастап Текелі қаласы Алатау шағын ауданының жапы сома 3,4 млрд.теңгеге 17 км жылу желілері қайта жаңарғырту жобасы кезең-кезеңімен іске асырылуда. Биылға 1,8 млрд. тг бөлінді, қалған 10 км желіні қайта жаңарту жоспарлануда. Одан бөлек Талдықорған қаласының Дарабоз ана, Абай, Қабанбай батыр, Балпық би көшелері бойынша 1,8 км жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасады», дейді А.Бекетаев.

Талдықорған жылу қазандықтары жаңғыртылады

Биыл Қабанбай батыр көшесі бойынша ұзындығы 600 метр жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ, Төлебаев, Алдабергенов көшелерінен Жансүгіров көшелеріне дейінгі жалпы ұзындығы 1,1 км жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Оған облыстық бюджеттен қажетті материалдарды сатып алуға 300 млн.теңге қарастырылған. Бұдан басқа, жеке инвестициялар есебінен жалпы қуаты 80 МВт электр және 100 Гкал/сағ жылу энергиясы бар «Баскуат» қазандығының базасында (37 млрд.тг) газ турбиналық станцияны іске қосу жоспарланып отыр.

Бүгінде жеке инвестициялар есебінен Текелі қаласында қуаты 21 МВт жаңа бу-газ қондырғысының бірінші кезеңін іске қосу жоспарлануда. Оған жабдықты ішінара жеткізу жүргізілген. Газ турбиналық қондырғы орнатылыпты. Ғимарат қаңқасын монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Басқуат» қазандығын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілгенге дейін жүктемені азайту жөнінде шаралар қабылдау қажет етеді.

«Абай, Қабанбай батыр, Балпық би көшелері бойынша 1,8 км жылу желілерінің учаскелерін қайта жаңарту, салу» жобасын іске асыру қаланың орталық бөлігінің нысандарын №2 қазандыққа қайта қосуға мүмкіндік береді. Осылыйша Басқуат қазандығының жүктемесі 10 Гкал/сағатқа азаяды. Төлебаев, Алдабергенов көшелерінен Желтоқсан көшесіне дейін 1,1 км жылу желілерінің учаскелерін қайта жаңғырту» жобасын іске асыру қаланың орталық бөлігінің нысандарын №3 қазандыққа қайта қосуға мүмкіндік береді. Осылыйша «Басқуаттың» жүктемесі 5 Гкал/сағатқа азаяды. «Қуаты 49 Гкал/сағ №9 шағын ауданында жаңа қазандық салу» жобасын іске асыру. Нәтижесінде жаңа қазандықтың іске қосылуы 6,7,8 және 9 жаңа шағын аудандарды жылумен жабдықтау мүмкіндігі пайда болады, осылайша «Басқуаттың» жүктемесі 15 Гкал/сағ азаяды», дейді облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов.

Энергия беруші ұйымдары үшін жылыту маусымына 370 мың тонна көмір, нақылай кетсек «Талдықорғанжылусервис» - 165 мың тонна; «Текелә энерго кешені» ЖШС - 170 мың тонна, «Алакөлжылу» - 24,2 мың тонна, «Сарқанжылу» - 9,5 мың тонна, «АқсуТВК» - 1,3 мың тонна, «ПанфиловСуҚұбыры - 0,4 мың мың тонна және 9,6 мың тонна мазут дайындалуа. Сондай – ақ, 1 682 көп қабатты тұрғын үй және 1 330 бюджеттік сала нысандарын да қажет.

Қазіргі уақытта бюджеттік ұйымдар үшін 15,4 мың тонна көмір, 4,2 мың тонна пеллет және 10,7 млн. литр дизель отынын сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сондай-ақ, халыққа көмір жеткізудің ай сайынғы жоспары жасалған. Облыс халқына қажет отын 428,5 мың тоннаны құрады. Мәселенки шұбаркөлге 218,1 мың тонна, қаражыраға 216,7 мың тонна сұраныс түскен.

«Алдағы жылыту маусымына дер кезінде және сапалы дайындалу мақсатында, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз етіледі. Қыркүйекке дейін білім беру объектілері жүз пайыз дайындалуы қажет. Қазанға дейінгі мерзімде денсаулық сақтау объектілері толық әзірленеді. Орталық қазандықтардағы отынның нормативтік қорларын қамтамасыз ете отырып, инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің жылыту маусымына дайындығы сараланады. Коммуналдық шаруашылық, тұрғын үйлер де қысқа дайындықты бастады. Халық үшін көмір тасымалдаушылардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету және жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылданады», дейді облыс әкімінің орынбасары Әділбек Жақсыбеков.

Қазір қолға алынған жұмыстарды күн суытпай аяқтау міндеті тұр. Былтыр орын алған келеңсіз жағдайлар қайталанбау үшін арнайы мониторнинг жүргіліуде. Өткен жылы жұмысшылардың тәжірибесіздігі және жауапсыздығынан болғаны анықталған еді. Биыл сол қателік қайталанбау үшін басқарма өкілдері білек сыбана қызмет көрсетіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы