Жетісуда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, ер адам қаза тапты

22 Ақпан 2024, 05:15
349
Бөлісу:
Жетісуда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, ер адам қаза тапты
Фото: polisia.kz

Жетісуда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты: жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 21 ақпанға қараған түні Алматы – Өскемен тас жолының 455 шақырымында Сарқан ауданында жол апаты болды.

Nissan Terrano жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, DAF XF 105 жүк көлігімен соқтығысқан, жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Жолаушы бойжеткен түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция жүргізушілерден жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды талап етеді. Жол қозғалысы ережелерін елемеу ауыр зардаптарға әкеледі.

Өзгелердің жаңалығы