Жетісуда жемқорлық пен алаяқтық меңдеп тұр

20 Қыркүйек 2023, 20:30
986
Бөлісу:
Жетісуда жемқорлық пен алаяқтық меңдеп тұр
Фото: Арман Мухатов - архив

Облыс орталығында интернет-алаяқтары көбейген. Қылмыстың соңғы өсуі 73 пайызды құрап отыр. Одан бөлек мемлекеттік сатып алу ісінде шикілік көп. Тіпті, 35 конкурстың құжаты жойылған, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу рәсімінде шикілік көп

Осы себепті Жетісуда мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар 3 млрд теңгеге қысқарған. Қазір облыстық прокуратура қызметкерлері бюджет қаражатын жұмсаудың тәртібіне аса мән беріп отыр. Себебі соңғы уақытта конкурс бойынша шикілі өте көп. Мәселен, 3 млрд теңгені құрайтын 40-қа жуық конкурс рәсімі жойылған.

Мысалға,жекелеген аудан әкімдіктері, яки Қаратал, Алакөл және Панфилов сметалық құжаттамаға сараптама болмаған жағдайда автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша 1,5 млрд теңгеге конкурс жариялады.Кейбір жағдайларда, дұрыс құрылмаған рәсімдерді анықтау жүйесі бәсекелестікті шектеді. Қадағалау актілері бойынша барлық конкурстар заң талаптарына сәйкес келтірілген. Осы заң бұзушылықтар үшін 67 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Олардың мемлекет бюджетіне төлеген айыппұл сомасы 10 млн теңгеден асты, - дейді облыстық прокуратура қызметкерлері.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, одан бөлек өңірде екі жыл ішінде 8 мыңға жуық оқушыға міндетті медициналық тексеру жүргізілмегені анықталған. Бұл ретте денсаулық сақтау құқығы Конституциямен кепілдендірілгені көпке мәлім. Сол себепті прокурорлық қадағалау актісі бойынша норма бұзушылық жойылды. Сонымен қатар, прокуратураның талдауы көрсеткендей, облыстың барлық мектепке дейінгі мекемелерінде, яки 40 мыңнан астам баланың тамақтануы санитарлық нормаларға сәйкес келмепті. Қарапайым мәзірде балалардың күнделікті қажеттіліктеріне керек көкөніс, жеміс-жидек және сүт өнімдері болмаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша олар санитарлық нормаларға сәйкес келтірілді. Мұның бәрі сол мемлекеттік конкурстың салдарынан.

Айласын асырған алаяқтар

Қазір прокуратураның ұсынысы бойынша әкімдік, алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша кешенді жоспар әзірлеуде. Қаржы нарығын дамыту агенттігі және банктерге алушыларды сәйкестендіру жүйесін қатаңдата отырып, онлайн-несиелерді ресімдеу рәсімін қайта қарау ұсынылды. Тіпті аталған басқарма басшылығы азаматтарды жеке қабылдап, мәселесін шешуге барынша күш салуда. Яки, ​қала полициясы қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз тарапынан барынша жәрдемдесуде.

Әсіресе әлеуметтік желідегі жалған ақпараттарға сеніп, алданғандар азаймай тұр. Үйін не көлігін бәске тігіп, жалаңаяқ қалғандар жетеді. Менің танысымның келіншегі аялдама тұрғанда қалдасындағы телефонын қағып кеткен. Арыз жазғанмен ұрыны ұстай алмады. Орталықтар камера көп дегенімізбен ұрыларды оны меңгеріп алған. Бәрін біледі. Талдықорғаг шағын қала дегенімізбен ұрылар көп, - дейді қала тұрғыны Әсет Өмірәлі.

Аталған басқарма қызметінің мәліметінше, өңірде соңғы уақытта жалпы қылмыстардың саны 22,2 пайызға төмендеген. Нақтылай айтсақ, 1497-ден 1164-ке дейін азайған. Оның ішінде орташа ауыр қылмыстар саны 11,9 пайызға 621-ден 547-ге дейін, онша ауыр емес қылмыстар 37,6 пайызға 226-дан 141-ге дейін қысқарған. Әйтсе де жеке жеке қылмыс түрлері азаймай тұр. Тонау 36,4 пайызға 11-ден 7-ге дейін, бұзақылық 31,8 пайызға 22-ден 15-ке дейін, автокөлікті заңсыз иелену 46,2 пайызға 13-тен 7-ге дейін төмендеген. Дегенмен шағын қалаға бұл статистика көптік етеді

Қоғамдық орында жасалған қылмыстар саны 44 пайызға 507-ден 284-ке, көшелерде 2,2 есе 328-ден 147-ге және кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс саны 6,3 есе яғни 25-тен 4-ке дейін азайды. Таңда қала ішінде және айналасындағы білім ошақтарында біздің қызметкерлер оқушылармен құқықтану және жол жүру ережелері тақырыбына сабақ өткізетін болады, - дейді Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев.

Облыс орталығында ұрлық пен алаяқтық күннен күнге өсуде. Мәселен, 1164 қылмыстың 67,3 пайызы, яки 784-і айлакерлерге алданғандар. Қазір құқық қорғау органдары осы түйткілмен алысуда. Күнделікті учаскелік полиция инспекторлары республикалық «Учаске» және «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шаралары шеңберінде көшелерде сонымен қатар үйлер мен пәтерлерді аралап, қала тұрғындарына брошюралар мен жадынамаларды үлестіреді. Бүгінде 40 мыңға жуық брошюра мен жадынама таратылды. Оның үстіне әлеуметтік желі де жүзден астам мақалалар жарияланған.

Бізге берген мәлімет бойынша бүгінде өңірде 17 млрд жуық қаржы көлемінде ұрлық белгісі бар 5 қылмыс тергелуде. Оған қатысы бар 15 тұлға бұлтартпау шаралары айқындалған. Өкінішке қарай, тергеу мүддесіне байланысты олардың есімдері аталмайды. Биыл сондай 400 млн астам сомадағы ақшаны қолды қылған 5 адам сотталған еді. Сөйтіп мемлекетке 230 млн қайтарылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы