Ауылшаруашылық саласында ғалымдар жаңа тұқым әзірлегенімен одан фермерлер бейхабар. Шетелден келетін сорттардан сапасы кем емес тұқымдар шаруаларға жетпей жатыр, деп хабарлайды Жетісу облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Сырттан келетін тұқымдардан алатын өнім көлемі отандық сорттардан артық емес. Тек оны молынан шығаратын өндіріс орталықтар жоқтың қасы.
Шаруалар подизустың пайдасын бағамдай алмауда
Ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалы және даму жолдары көптің талқысына түсуде. Қазір бұл салада ғалымдар өнімді жұмыс істеуде.
Ауылшаруашылық өнімдерінде 70 жуық аурулар, 100 мамандандырылған зиянкестер бар. Ал арамшөптер 120 асады. Мысалы, картопты алайық. Оның басты жауы колорадо қоңызы, оның халық жақсы біледі. Көбіне оны қолымен теріп тазартады. Әйтсе де адам тазалық барысында өзі де өсімдікпен бірге уланатынын білмейді. Зиянды ферменттерді бөледі де тері ауруына апарады. Енді сонымен күрес тәсілдерінің бірін біздің өсімдік қорғау институтындағы зертханамызда ойлап таптық. Зияркестерге қарсы күресе алатын пайдалы жәндіктерді біз егіс алқабына жібереміз. Солардың дернәсіліне қарсы күресетін подизус атты жыртқыш қандала бар. Бұл колорадо қоңызының дернәсілінің сөлін тұмсығы арқылы сорып алып, көбеюіне бөгет болады. Күніне 150 зиянкеспен күресе алады. Қоңыздың саның есептеу арқылы жүзеге асады, - дейді қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының басқарма басшысы Бақытжан Дүйсебеков.
Оның айтуынша, 5 дернәсілге 1 подизуз жетеді. Бағасы шаруаларға тиімді, құны да арзан, бір талы 200 теңге тұрады. Шамамен 1 гектар жерге 2 мың теңге кетеді, ал басқа тәсілді пайдалансаңыз шығынға батасыз. Тиімдісі осы жәндіктер.
Подизустың ең ғажабы, ол табиғатта өз ұрпағын қалдыра алады. Аталған институтта 15 осындай зиянкестермен күресетін жәндіктер бар. Жетісу өңірі қызынақты көптеп егеді. Оның ата жауы көпке белгілі қызанақтың күйе көбелегі. Мақта құрты көбелегі екеуі фермердің ығырын шығарады. Қызынаққа дәл қазір пайдалы жәндіктер көмектесе алады. Сондай-ақ өнімді сақтауға кепілдік береді.
Ғылым мен өндірістің арасында байланыс жоқ
Бүгінде аграрлық ғылымда не бар? Тұқымдар өндіріске енгізуге дайын ба? Қазір, Ұлттық ғылым академиясы осыны зерттеуде. Сөйтсек қазақ ғылымында жаңалық көп екен. Әйткенмен, өкінішке қарай ғылым мен өндірістің арасында байланыс жоқ.
Бұл ретте ғылым академиясының негізгі мақсаты осындай жобаларды тауып, фермерлерге көрсетіп, тиімді әрекет ету. Бүгін осы жәрмеңкеде ұсынылған сорттарды, өнімге қажет заттарды фермерлер көргенде таңырқай қарады. Қазір бір-бірімен келісім шарт жасасуда. Қазіргі Қазастанда бар жетістікті өндіріске енгізетін болсақ, ауылшаруашылық саласында өзгеріс басталады, - дейді Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті,Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ақылбек Күрішбаев.
Мәселен, Жетісу облысының ішкі жалпы өнімі 510 млн құрайды. Егер біздің қазір ұсынып отырған әзірлемелерімізді пайдаланса өнім көлемі 2-3 есе ұлғаяды. Бірінші сорт маңызды. Қараңыз, жаңа сортты енгізсек өнімділік 30 пайызға артады. Әйтсе де қолда бар жаңа сорт елге толық неге тарамайды?
Шынында ғалымдар сортты шығарғанымен таралуы төмен. Біздің ғалымдар қызылшаның 7 жаңа сортын жасады. Шетелдік нұсқадан еш кем емес, бағасы да арзан. Неге оны шаруалар білмейді? Себебі бізге сортты көбейтетін орталықтар ауадай қажет.Елімізге сондай 150 тұқым шығаратын селхоздар керек. Мәселе сонда. Осы тәсілмен біз қолда бар тұқымды шаруалар мен өңір басшыларына көрсетеміз. Біздің мақсатамыз әзірлемелерді өндіріске енгізу, - дейді Ақылбек Қажығұлұлы.
Экология бойынша қарасақ, қолданып жүргеніміздің бәрі химиялық тыңайтқыш, оның адамға, табиғатқа зияны ауыр.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, ғылым жоқ дейміз, нәтиже жоқ дейміз негізінде бар. Биологиялық препараттарды шығаратын өндірістер қажет.
Күріш дақылы 25 пайызға қысқарады
Енді бұл бағыттағы Жетісулық шаруалардың жайына үңілсек. Биыл егін шаруашылығында дақылдардың егіс көлемі 1,9 мың гектарға артып, 519 мың гектарға жеткен. Егіс алқабын әртараптандыру шеңберінде басым дақылдардың көлемі артқан. Түстеп өтсек, қант қызылшасы 2 есеге, дәндік жүгері 15 пайызға, көкөністер мен картоп 2 пайызға ұлғайтылған.
Егінге қажетті - 56,2 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары толық қамтамасыз етілді (1,8 мың тн. – элита, 54,4 мың тн. – жоғары репродукциялы). Оның ішінде: отандық тұқымдардың үлесі 13 пайызды құрайды. Атап айтқанда, облыста 14 аттестатталған шаруашылық субъектілері жұмыс істейді, оның ішінде 8 элиталық (1-і көшеттік), 6 жоғары репродукциялы тұқым өндіруші қызметін жүзеге асырады. Жыл сайын аталған шаруашылықтар 6,3 мың тонна масақты дәнді дақылдардың, 941 тонна жүгерінің, 5 тонна қант қызылшасының, 14 тонна күнбағыстың элиталық және жоғары репродукциялы тұқымдарын өндіріп, сорт жаңарту үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне өткізеді, - дейді Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев.
Оның айтуынша, 4 аттестатталған тұқым өткізушілер шаруашылықтардың өтінімдері бойынша қажетті шетелдік тұқымдармен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта картоп және майбұршақ дақылдарының тұқым өндірісін ұлғайту бағытында жаңа тұқым өндіруші шаруашылықтар қызметін жүзеге асыру жоспарлануда. Дегенмен, соңғы жылдары облыс шаруашылықтары ауыл шаруашылығы дақылдарының шетелдік тұқымдарына басымдықты беріп жатқандығы анық.
Қазір Жетісуға ғылыми-зерттеу институттары, тұқым өндіруші шаруашылықтар мен сортсынақ уческелері отандық тұқым өндірісін ұлғайту, жаңа сұрыптарды қолданысқа енгізіп, сынақтан өткізу жұмыстарын бірлесе жүргізуі қажет. Бүгінде бірқатар шаруашылықтар монодақылдарды өсіруге бейімделіп, жылдан жылға өнімділігін жоғалтуда. Сондықтан, қазіргі уақытта облыста топырақтың құнарлығын қалпына келтіру және оны ұтымды пайдалану мәселелері қолға алынуда. Бұл ретте ауыспалы егістік жүйесін сақтауға ерекше мән беріліп отыр. Өз кезегінде, егіс алқаптарын әртараптандыруға ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы минералды тыңайтқышты қолдану 1,4 есеге артады. Бүгінде 1327 шаруашылық 22,1 мың тоннаға келісім-шарт жасап, 20,6 мыңы алынған. Сондай-ақ 2028 жылға дейін күріш дақылы 25 пайызға қысқарады. Оған себеп, судың аздығы.