Жетісуда қуғын-сүргін құрбандары жерленген 12 орын анықталды

31 Мамыр 2024, 14:53
379
Бөлісу:
Жетісуда қуғын-сүргін құрбандары жерленген 12 орын анықталды
Фото: автордан

Жетісу даласында қуғын-сүргін көрген 5 мыңға жуық адам бар. Олардың есім-сойы әлі толықтай анықталмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыста 13 халықтық көтеріліс пен наразылықтар және қуғын-сүргін құрбандары атылған, сотталған, жерленген 12 орын белгілі болған. Қазір өлкетанушылар осы бағытта жұмыстарды жүйелеп жатыр.

Бүгінде халық көтерілістері мен наразылықтарын басшылық еткен, қудалау кезінде атылған 23 адамның дерегі нақтыланды. «Банды» деп танылған 17 халық батырының есімі елге таныстырылады. Мемлекеттік шекарасынан өту кезінде сотсыз және тергеусіз атылған 48 адамның тізімі ақтауға жіберілді. Өңірде есімі белгісіз жазықсыз оққа ұшқан жан көп. Оны толықтай зерттеуге қаржы мен күш қажет. Біз қазір бәрін ашық зерттемесек, кейін көп архив жоғалып не шіріп кетуі мүмкін, - дейді Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Жетісу облысының өңірлік жұмыс тобының мүшесі, өлкетанушы Қажет Андас.

Осы уақытта саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, тәркіленген 87 орташа бай, кулақ, шаруа белгілі, сондай-ақ 30 ірі бай, кулак, шаруа анықталды. Олар туралы деректер архив құжаттары мен Халық жады жинағына енгізілген. Қазір топ мүшелері қуғынға ұшыраған азаматтарға белгі қою мәселесін қолға алуда.

Қазақ жерінде небір көтерілістер өткен, соның басым бөлігі Жетісуда болған. Бірақ соны нақты індете зерттеуге қажет. Жекелей айналыспай арнайы мемлекет тарапынан қолдау арқылы жүзеге асыру керек. Бұл ұрпақ алдындағы аманат. Жетісу көтерілісі ең ұлы һәм нәтижелі көтерілістердің бірі. Соны ұмытпағанымыз жөн. Біз өткенді ұлықтағанда болашаққа жақсы мирас қалдыра аламыз, - дейді ақын, зейнеткер Нүсіпбай Әбдырахым.

Өзгелердің жаңалығы