Өңірде мүгедектігі бар жандарға объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 100-ге тарта нысан тексерілген. Оның 70-сі талапқа сай болмай, 9,6 млн теңге әкімшілік жазаға тартылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осыған дейін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті облыстық департаментінің мамандары пандус қойылмаған мекемелерге ескерту жасаған еді. Енді нақты әрекет етіп жатыр. Облыста жүздеген мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Оларға түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Жетісулық кәсіп иелеріне шама бар түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.Үлкен сауда орталықтарына да талабымызды жеткізіп жатырмыз. Бұған дейін орталықтағы «Шапағат», «Зета» секілді сауда дүкендері пандус орнатпағын айтылды. Артынан олар арнайы көтергіштер жасады. Көбіне біз сауда объектілерінен бастап, өзге де мекемелердің құрылтайшыларынан мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар жандарды ұмытып кетпеуін сұраймыз. Әрине оларда кеергісіз өмір сүруге құқылы, - дейді қалалық мүгедек адамдардың инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі мониторинг тобының мүшесі Вадим Друзин.
Айта кетейік, бүгінде өңірде «Инватакси» қызметі бітіндеп дамып келеді. Жалпы облыс көлемінде оыбағытта 34 автокөлік тіркелген. Соңғы 7 айда аталған көлікке 70 мыңға жуық өтінім келіп түскен. Алдағы уақытта осындай көліктер қосымша алынатын болады.
Әрбір адам еркін өмір сүргісі келеді. Көшелерде дыбысты бағдаршамды көбірек орнатқан жөн. Себебі көзі көрмейтін жандар үшін оның пайдасы зор. Оған қоса оларды тасымалдайтын көлік түрлерін көбейту қажет. Себебі ары-бері жүру үшін қоғамдық көлікке отыру өте қиын, - дейді қала тұрғыны Әсел Алтынбекова.