Жетісуда көші-қон заңнамасын бұзған 24 шетелдік елден шығарылды

11 Шілде 2023, 08:42
552
Бөлісу:
Жетісуда көші-қон заңнамасын бұзған 24 шетелдік елден шығарылды
Фото: Архив BAQ.KZ

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 24 шетелдік елден шығарылып, 700-ге жуық азамат жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері өңірде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2694 адам жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушылардың жалпы санынан 696 шетел азаматы болса, 1998-і қазақстандықтар.

Биыл біздің деректеріміз бойынша облыс аумағына 5520 шетелдік азамат кірді, олар көші-қон қызметі бөлімшелерінде тіркелген. Оның ішінде алыс шетелдердің тұрғындары – 318, ТМД елдерінен – 5202. Аймаққа көбінесе Өзбекстан азаматтары келді, олардың саны 4633 адам, сондай-ақ 375 Ресей және 277 ҚХР азаматтары. Сонымен қатар, 248 шетелдік, негізінен ҚХР азаматтары, визаларын заңды түрде ұзартып, тіркеу және хабарлама арқылы облыс аумағында тіркелді, – деп хабарлады облыстық көші-қон қызметі басқармасы.

Көші-қон желісі бойынша заң бұзушылықтар негізінен жоспарланған профилактикалық іс-шаралар барысында анықталады. Шетелдік жұмыс күші жиі пайдаланылатын базарларға, құрылыстарға және басқа да объектілерге аса назар аударылады. Шетелдік азаматтардың уақытша тұрғылықты жері, тіркелгені, келу мақсаты және т.б. тексеріледі. Яғни олардың облысқа турист немесе еңбек мигранттары ретінде немесе басқа да себептермен келгені де мұқият тексеріледі. Отандастар арасында да көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды.

Қазір мәртебесін заңдастыру үшін шетелдіктің өзі ешқайда барудың немесе ішкі істер органдарына тікелей жүгінудің қажеті жоқ. Шетелдіктерді қабылдау туралы ақпараттандыру жөніндегі міндеттер біздің заңнамамен қабылдаушы тұлғаларға (ҚР азаматтарына) жүктелген. Шетелдіктің оларға келгені туралы хабарлама үш күн мерзімде берілуі қажет. Оны eQonaq мобильді қосымшасы, eGov сайты арқылы немесе көші-қон қызметі арқылы өте оңай істеуге болады, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД КҚҚБ.

Өзгелердің жаңалығы