Жетісуда көпбалалы аналардың жарналары берілмеген

Бүгiн, 18:27
108
Бөлісу:
Жетісуда көпбалалы аналардың жарналары берілмеген
Фото: Арман Мухатов - Архив

Түрлі марапатқа ие болған көпбалалы аналардың айлығынан міндетті төлем қаржысы заңсыз ұсталған. Жұмыс берушілер сол арқылы 5,5 млн теңге үнемдеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс ішіндегі ауыл басшылары мен мектеп басшылары мүгедектігі бар қызметкерлерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» иеленген көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан бөлінетін қосымша қаржыны бермегені анықталды. Мекеме басшылары олардан заңсыз жалақыларын ұстап отырған. Облыс прокуратурасының мәліметінше, 166 азамат осындай жағдайға тап болған екен.

МӘМС туралы заң шеңберінде түрлі әлеуметтік санатқа ие өңір тұрғындарының айлығы берілмей келген. Мәселен жұмыс беруші тарапынан қолдауға лайық екі жүзге жуық азаматтың айлық ақысынан 6 млн теңгеге тарта қаржы заңсыз ұсталған. Біз заң аясында арнайы шешімдер қабылдадық. Бүгінде құқығы бұзылған азаматтардың қаржысы қайтарылатыны жөнінде нақты шешім шықты. Көп ұзамай сондай жандар өз ақшасын алады,- дейді облыстың бас прокуроры Мадияр Басшыбаев.

Оның айтуынша, іске кінәлі азаматтар қатарынан екі бірдей ауылдық округтың әкімі тіркелген. Одан бөлек мектеп басшысы да тізім де бар. Олар заңның шеңберінде әрекет етпегені үшін жазаланады. Құқықтық орган өңір азаматтарының құқықтарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өз құқығын білгені абзал. Қазір көптеген мекемеде арбаға танылған азаматтар да қызмет етеді. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Тіпті айлық жалақысына қосымша қаржы да беріледі. Алайда бұл мәселелерді жеке жауапкершілік серіктестіктер ескермеуі мүмкін. Ол заңға тартылса үлкен мәселе болады. Себебі құқығын заң қорғайды, - дейді заңгер Айбар Оралов.

Өзгелердің жаңалығы