Жетісуда көмір қымбаттады

18 Қыркүйек 2024, 17:22
525
Бөлісу:
Жетісуда көмір қымбаттады
PHOTO
Фото: автордан

Өңір әлі толық газбен қамтылған жоқ, әлі де көмірге мұқтаж халық бар. Ал биыл қара отынның бағасы жоғары көтерілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

200 мыңнан астам тұрғын көмір жағады

Жетісулықтардың табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілгенімен, жалпыла алғанда баяу қозғалуда. Алыс аудандарға көгілдір отын жуық арада барады дегенге ешкім сенбейді. Себебі облыс орталығының іргесінде отырған ғайынның өзі әлі табиғи газға қосылмады. Сонықтан қара отынға мұқтаж. Әлі де көмір тасып, тамызық іздейтін халықтың бір мұңы қыста басталады. Неге десеңіз, көмір жылдан жылға қымбаттап барады. Қатты отынды саудалайтындар өзара келісімге келіп, бағаны көтеріп сатады. Оысндай кедергілер халықты біраз әбігерге салады. Биыл да бұл түйткілден айналып кете алмасымыз анық. Қазір өңірдегі жұрттың тең жарымы көмірді қайдан сатып аламыз еп бас қатырып отыр.

Қазір арзан кезінде көптеп түсіріп алайын десек, қалтамыз көтермейді. Ал бұдан кешігіп қысқа таман түсіретін болсақ бағасы өсіп кетеді. Жаздың соңы балаларды киіндіріп, қолдағы азын-аулақ малды саттық. Бір айлыққа қарап отырғанна кейін, бәрін бірден қарпып қалу мүмкін емес. Сондықтан алдымен осы айға деп 2 тоннадай аламаыз. Артынан ақша түскен соң тағы ала жатармыз. Бірақ қыстың ортасында баға 25 мыңға дейін кетіп қалады. Шұбаркүлдердің бағасы солай болады. Себебі оған сұраныс көп, сосын саудагерлер ойына келген бағаны айтады. Жердің алыстығын, жолдан жамандығын ортаға тартып біраз бағаны көтереді, - дейді Ақсу ауданы Екіаша ауылыны тұрғыны Қабылбек Қиасбаев.

Көбіні халықтың мұны алыс аудандардан шығады. Алакөл, Сарқан, Ақсу ауданының халқы көмірге кезекте көбіірек тұрады. Себебі тасымалдаушыға тәуелді. Олар жол ақыса үстеме ақша алады. Ал өздері облыс орталығынан алу үшін үлкен жүк көлігін жалдап келуі шарт. Оның өзі халықтың бәрінде бірдей бола бермейді. Кейбір қолы ұзын адамдар аранйы көлік жалдап келіп, қаладан сатып алып кетеді. Ал қарапайым қалық қоймаға көмір келгенін күтеді. Биыл жауапты мамандар көмір қорының жеткілікті екенін айтуда. Алғашқы сату бағасында белгілеп қойған. Шаман 20-25 мың тең көлемінде. Бірақ бұл алғашқы кезеңде қойылған құн. Сондықтан қыстың қақаған сәтінде көтерілуі әбден мүмкін.

Жетісуда көмір қымбаттады

Жалпы алғанда өңірде 200 мыңнан астам тұрғын көмір жағуға дайын отыр. Себебі табиғи газ толық берілмеді. Шыны керек қыс мезгілі басталғанда жыл сайынғы Талдықорған қаласындағы көмір кезегіне иін тіресе тұратын көлік нөпірі биыл да қайталанады. Неге десеңіз, облыс орталығындағы қатты отын саудалайтын серіктестіктердің сөзіне сүйенсек, қазір халықтың басым бөлігі көмір сатып алуға асықпайды. Алайда қоймада қор жеткілікті. Халық тақалғанда көмір алуға көшеді. Сосын апталап кезекте тұруына тура келеді. Көбінің қаржысы жоқ шығар. Енді қыркүйектің айлығына іліккен соң қарекет етпесе, қазір асығар емес,- дейді жеке кәсіпкер Еділ Тыныбаев.

Көмір бағасы 30 мыңға дейін көтерілген

Қазір облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы облысы халқын қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар істеп жатыр. Бүгінде 2024-2025 жылдар аралығында жылыту маусымына халық үшін көмір қажеттілігі 428,5 мың тоннаны құрайды. Нақылап айтсақ «Қаражыра» кен орнынан – 210,3 мың тонна, ал сұранысқа ие «Шұбаркөл» кен орнынан – 218,2 мың тонна әкелінген. Осы уақытта халыққа 148 мың тонна көмір немесе 35% сатылған.

Облыс бойынша 35 көмір тұйығы мен қоймалары бар. Нақтылап айтсақ, 30 т/ж тұйығы мен 5 қойма жұмыс істейді. Тұйықтар мен қоймаларда 26,2 мың тонна көмір жеткізілді. Оның ішінде ел сүйіп алатын «Шұбаркөл» - 16,9 тонна болса, «Қаражыра» - 9,3 тоннаны құрайды.Облыс халқы үшін қатты отынды жеткізу үздіксіз жүзеге асырылады. Тәулігіне орташа есеппен 28 вагон немесе 1 932 тонна түсіп отыр. «ҚТЖ –Жүк тасымалы» ҰК» АҚ-мен халық үшін көмір дайындау жоспарын орындау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі. Темір жол қатынасы жоқ аудандарға көмірді автокөлікпен тасымалдау ұйымдастырылған. Халық көмірсіз қалмайды. Барлығы біздің бақылауымызда болады. Әсіресе алыс ауыл-аймақтағы жұрттың жайын басты назарға қоямыз, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.

Оның айтуынша, бүгінде көмірдің орташа бағасы 18 600-20 500 теңгені құрайды. Темір жол қатынасы жоқ аудандарда баға шамамен 25 -28 мың теңге көлемінде жетеді. Олардың қатарына Ақсу ауданы мен Сарқан ауданы кіреді.Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда болмақ.

Жетісуда көмір қымбаттады

Бұл жерде тұрғындардың басты өтініші үстеме ақыдаболып отыр. Расымен тасымалдаушы шығынын ақтау үшін осындай қарекетке баруға мәжбүр. Ал оны халық дұрыс түсінбейді. Арнайы жүк көлігіментасымалданатындықтан үстеме жол ақысы қосылады. Қазір Талдықорған қаласындағы көмір саудалайтын орындарда 30 мың тоннаға жуық көмір қоры бар. Оның үстіне әр күні аймаққа 20 вагоннан астам көмір жеткізіліп отыр.

Қаланың ішіне көмір жеткізу үшін де қосымша ақы сұрайды. Ал Сарқан немесе Ақсу ауданына бару үшін 150-200 шақырым жол жүресіз. Жүк көлігі дизель отынын жаққандықтан жол өзіне көп қаржы кетеді. Кем дегенде 30-40 литр жаңармай жағады. Білесіздер дизель отынының литрі 210 теңгеден сатылады. Оның бәрі қаржыға келіп тіреледі. Сондықтан қзімнің еңбегіңде бар, оның бәрін есептеп отыру қажет. Сонықтан халық өкпесі орынды деп айта алмаймын. Осы кәсіппен жан бағып отырған жандар қаншама. Олардың да отбасы бар, сондықтан еңбегі ақталу үшін үстеме ақы қосады,- дейді тасымалдаушы Алмабек Пернебекұлы.

Негізінде осы қысқы маусымда облысқа қажетті қатты отынның көлемі шаммен 430 мың тоннаны құрағанымен, одан да көп болуы мүмкін. Себебі күн қатты аязда халық көмірді көбірек пайдаланады. Сондықтан жауапты мамандар жетісулықтарға бейғамдыққа салынбай қазірден қамданып қыстық отынды ерте бастан түсіріп алуды ескертеді. Алайда, бұл сауалға да қарапайым халықтың да өз айтар уәжі жоқ емес.

Жетісуда көмір қымбаттады

Сөздің ашығы керек, бүгінде халықты қымбатшылық жан-жақтан қысып барады. Мұны ойлап, ескеріп атқан ешкім көрінбейді. Мәселен,базарлардағы ет, сүт, ұн, май күріш пен жеміс-жидек сынды азық-түліктер мен басқа да заттардың бағасы бұрынғымен салыстырғанда едәуір артқан. Міне,е енді қыс басталғанда көмірдің бағасын шарықтатып қойды. Осыдан 3-4 жыл бұрын 15 мың алып жүрген едік. Тіпті 9-10 мың, кейін 13-14 мың теңгеден саудаланып келген бір тонна көмірдің бағасы қазір 21 мың теңгеге дейін жетті. Бұл сомма топан су жүрсе тобығынан келмейтін байларға көп зиян болмауы мүмкн, ал күнделікті тапқаны тамағына жетпейтін қарапайым халық үшін кқп ақша. Оның үстіне халық күз мезгілі халық қалтасындағы жиған-терген, азын-аулақ тиын тебенімен оқушы балаларын киіндіріп, студенттерін аттандырды, - дейді Сарқан ауданының тұрғыны Жайдарлы Алпамысова.

Халықтың сөзінің жаны бар. Базар жағалаған жұрттын көз ашылмайды. Бәрі арзан затқа жүгіреді, оның сапасына ешкім мән беріп жатқан жоқ.

Айта кетейік, облыс халқын көмірмен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында бүгінде облыс аумағына тәулігіне орташа есеппен 13 вагон немесе 897 тонна қатты отын жеткізізіп жатыр. Дегенмен сатып алу көрсеткіші өте төмен. Халық көмір алуға асықпай отыр. Оған себепті де айттық. Ал облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен аудан-қала әкімдіктері жергілікті жұртты ауа райының қолайлы кезінде қысқа қажетті көмір қорын түсіріп алуға үгіттеп отыр. Ал халық қалтасын қағады.

Өзгелердің жаңалығы