Жетісуда көлік апатынан қаза тапқандар көп

13 Қыркүйек 2023, 14:46
1061
Бөлісу:
Жетісуда көлік апатынан қаза тапқандар көп
Фото: автордан

Талдықорған аумағында 7 ай ішінде 64 жол көлік оқиғасы тіркелген. Былтыр осындай 94 жағдай болған. Биыл қаза тапқандар саны 2 есеге артқан, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Бейнекамера көбейгенімен, қылмыс азаймай тұр

Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – жол-көлік оқиғасының көптігі. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция органдарының маңызды міндеті. Әйткенмен, жылдамдықты шамадан тыс асырғандар қайғылы оқиғаға негіз болуда. Мәселен, өңірде 80-ге жуық жол-көлік апаты орын алған. Соның салдарынан 33 адам қаза тауып, 135 тұрғын әр түрлі жарақат алған.

Ел ішінде маңызы бар жолдарда полициялық қадағалау маршруттарының саны көбейгенімен нәтиже бермеуде. Арнайы маршруттардың ұлғайтылуы – оқиға орнына жедел жету және жарқылдауық маяктар бар автопатрульдер арқылы оқиғаның алдын алуға бағытталған.

Жақында облыстық мәслихатының кезектен тыс VІІ сессиясы өткен еді. Сонда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бейнебақылау жүйелерін кеңейту, жол жүру ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркеу туралы негізгі мәселер айтылды. Қазірде өңірлік маңызы бар автожолдарында «VIDAR SPEED-R» белгіленген жылдамдықты бұзғандарды тіркейтін 17 камерасы бар 7 автоматтандырылған бағдарламалық кешен бекеті қызмет етеді.

Ел Президентті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жауапты тапсырмасына сай басқарма қызметінде әр жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша біз себебін зерттеп, оларды жоюға шаралар қолданамыз. Апаттылықты ескере отырып, бізбен автопатруль бағыттары қайта қарастырылған. Сонымен қатар қала аумағында жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында, қосымша бейнекамералар және жол белгілерін орнату бойынша жұмыс атқарылуда, - дейді Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Күштібаев.

Оның айтуынша, жыл басынан қала аумағында жол жағдайы бойынша 136 тексеріс жүргізіліп, кемшіліктерді жоюға 130 ұсыныс жолданған. Қазір қала ішіндегі һәм сыртындағы көлік оқиғаларын болдырмау үшін 10 «VIDAR» бейнекамералары орнатылыпты. Бұл техниканың ерекшелігі автокөлік жол жылдамдығын асырған жағдайда ВИДАР камерасы бірден ереже бұзушылықты тіркейді.

Қараңыз, өңірде жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін 13924 әкімшілік хаттама толтырылған. Автокөлікті мас күйде жүргізгені үшін 68 адам ұсталып, барлығы дерлік заңға сәйкес жүргізуші куәлігінен айырылған.

Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасауға көшкен. Айтуынша, оларға қойылған талаптар сервистік модель және «Полиция қадамдық қолжетімдікте», яки, полиция қызметінің тиімділігі және халықтың пікірін ескере отырып, қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге бағытталған.

Күн сайын азаматтар полиция қызметкерлеріне түрлі мәселелер бойынша жүгінеді және оларға бірінші жауап қататын — учаскелік полиция қызметкері. Учаскелік полиция инспекторлары халықпен тығыз қарым-қатынас жасайды және ішінара олардың жұмысқа деген кәсібилігі ел тұрғындарының құқық қорғау органдарына деген көзқарасын тудырады. Осы бағыттағы жұмыс қалалық полиция басқармасымен жүзеге асырылуда, әр учаскелік полиция тіректерінің өз «Инстаграм» парақшалары бар, тоқсан сайын әкімшілік аумақта атқарылған жұмыс жайлы халық алдында есеп береді, - дейді жауапты мамандар.

Скутердің кесірінен 12 бала қаза болған

Қала ішінде мапет, скутер, шағын мотоциклдерді тізгіндеген оқушылар өте көп. Олардың бәріне бірдей заң жүрмейді. Қазір қала ішінде көлік қақтығысының көбі сол қытайлық техникалардың салдарынан болып жатыр. Мұны құзырлы органдарда жасырмайды.

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында жүргізушілердің назарын аудару үшін 9 жаяу жүргіншілер өткелінде қызыл және көк маяктары бар строб шамдары орнатылды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдерінде мектептер мен мектеп мекемелеріне дейін 88 балалар макеті қойылды. Облыс орталығында және жас жаяу жүргіншілерге , яки мектептер, колледждер, институт маңында «тоқта!», «Құлаққапты шеш», «сорғышты шеш», «баланың қолынан ұстаңыз» деген макеттер орнатылды, - дейді Жетісу облысы ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов.

Оның айтуынша, патрульдік полиция топтарының жеке құрамы ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп балалардың қатысуымен болған ЖКО-ны азайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде ЖКО-ның алдын алу бойынша буклеттер, жадынамалар таратады.

Қазір, мамандар балаларға скутер ережелерін түсіндіруде. Бірақ соған қарамастан биыл қаңтар-тамызда балалардың қатысуымен 92 оқыс оқиға тіркелген. Былтыр 83 жол көлік оқиғасы болған екен. Өкінішке қарай, 12 баал қайтыс болған. Оған қоса 114 бала жараланған. Былтыр 105 бала ауруханаға жүгінуге тура келген екен.

Қазір қолы не аяғы сынған, әртүрлі жеңіл жарақаттар алған оқушы балалар аурухана көптеп келеді. Көбіні себебі сол мапед пен скутерді дұрыс айдамағаннан болады. Ата-аналарының рұқсатынсыз жылдамдықты асырып, бір-бірімен жарысып жолға шығып кетеді не ағашқа, жол белгілеріне соғады. Тіпті, көшедегі жаяу жүргіншілерді қағып кететіндер де көп, - дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Ертай Ерболғанов.

Бүгінде облыс шеңберінде балалардың немқұрайлы әрекетінен 16 көлік апаты тіркелген. Былтыр 8 осындай жағдай орын алған екен. Өткен жылы да 4 бала қайтыс болса, биыл да 4 оқушы қаза болған. 15 бала ауыр жарақат алған.

Өзгелердің жаңалығы