2025 жылға дейін Жетісу халқының 50 пайызы көгілдір отынмен қамтамасы етілуі қажет болған. Дегенмен бұлкөрсеткішке аталған өңір жуық арада жетпейтін секілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Моноқаланың мұңы
Біз тон пішіп отырған жоқпыз, Алматы облысы екіге жарылмай тұрып, табиғи газға тезірек кіргізу жұмыстары асығыс-үсігіс жасалған. Мұны сол тұстағы облыс әкімі Амандық Баталовтың бір қателігі санайтындар бар. Неге десеңіз, газ желілерінің стандартқа сай жүргізілмеуінің себебінен жауапты мердігерлер сотқа тартылып, облыс әкімдігі әуре-сарсаңға түскен. Бұл істің арты сиырқұйымшақ болып кеткені, тіпті іске «үлкен адамдардың» араласқаны туралы қауесет те тараған. Мәселен, облыс орталығы Талдықорғанға жақын Көксу, Ескелді секілді аудандар ертеректе газбен толық қамтылуы қажет еді, бірақ түрлі себептермен іс өнімді болмады. Тіпті, моноқала Текелінің өзі газға зар болып отыр.
Бүгінде қаланы газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Әлия-Сервис» компаниясы газтарату желілерін салу жұмыстарын жалғастыруда. Жобаның құны 5,8 млрд теңгені құрап отры. 2022-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлініп, толық игерілді. Ағымдағы жылы да республикалық және жергілікті бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінді. РБ – 2 млрд теңге, МБ – 0,9 млрд теңге. Жоба бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 195 км құрайды. Бүгінгі таңда 102,6 км газ құбыры салынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 53% орындалды, аяқталу мерзімі 2024 жылғы қыркүйек айында деп кұтіліп отыр. Нәтижесінде текелілік 30 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді, - дейді Текелі қаласының әкімі Алмас Әділ.
Текеліге газ не үшін керек? Біріншіден шағын шаһарда бірнеше өнеркәсіп орындары бар. Олардың бәрі газдандыру жүйесіне қосылуы қажет. Себебі, кейбір шаруалар көмір мен жанармай жағып отырғанына ондаған жыл болды. Бұл шығарып отырған өнімдерін үстемелеп сатуда маңызды рөл атқарады. Екіншіден қаланы экологиялық келбеті де бұзылып бара жатыр. Мұны сала мамандары түгілі, қала тұрғындары да айтып отыр.
Бізде сүт зауыты, мыс, хром өнеркәсіп орындарынан жылына мыңдаған куб түтін шығады екен. Қайбір жылы жапондық экологтар келіп, қала аспаныдағы бұлттардың қарайғанын айтты. Біз сенбегенімізбен, қолдағы апараттары ауаның ластана түскенін анық көрсетті. Оның үстіне көмір жағатын ел көп. Бұл да қыста қара қар жаудыратын негізгі фактор болып отыр. Текелі облыс оталығынан 30 шақырым жерде жатыр. Аса алыс та емес. Бірақ қалаға газдың келетін түрі жоқ. Алматы облысының тұсында 2026-шы жылға дейін қалаға газ кіретінін айтқан еді. Ол ба былжырбай әңгіме болып қалды, - дейді белсенді қала тұрғыны Самат Тенгебаев.
Біздің бір байқағанымыз облыс әкімі Бейбіт Исабаев жетісулықтарменк кездескенде алдымен газдандыру, ауызсу және кәріз жүйелерін реттеуге қатысты сауалдар қарша борайды. Әсіресе, шалғайдағы ауыл тұрғындары осы үш мәселені алға тартады. Жыл сайын облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы атқарып жатқан жұмыстарын алға тартып, халықтың төзімін сынаумен келеді.
Келер жылы 130-ға жуық ауыл газға қосылады
Қараңыз, осы күнге дейін жалып өңірде 33 ауылға көгілдір отын кірген. Халық санымен есептесек, 327 мың тұрғын табиғи газдың игілігін көріп отыр. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді газбен қамту жұмыстарын жүйелеу керектігін айтқан еді. Соған сай 2025 жылға дейін облыстағы 126 елді мекенді газдандыу шаруасы кезек күтіп тұр. Осы күні табиғи газға қосылған 33 елді мекенді есептемегенде жыл аяғына дейін қосымша 30 елді мекен көгілдір отынға қосылады. Мұны сайын облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарма қызметкерлері айтып отыр. Осылайша Жетісуда 433 шақырым газ тарату желісі салынады.
Жалпы ауыл-ауылдарды газдандыру бағытының екінші кезеңінде алыстағы аудандарда қамтылады. Атап айтсақ, Үшарал қаласына дейін газ желісі жүргзіледі. Бұл қатарда Сарқан аудын мен Ақсу ауданы да бар. Биыл толығымен«Талдықорған – Үшарал» магистралдық газ құбыры құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Оның жалпы ұзындығы шамамен 302 шақырымды құрап отыр. Бұл жоба көп ұзамай жүзеге асады. Оның игілігін қарапайым халық көреді. Нақтылай кетсек, 124 мың тұрғыны бар 66 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізеді. Біз бұл бағытта нақты зерттеулер жүргізіп, қорытынды шығарып қойдық, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.
Ал Ескелдінің жайына келер болсақ, Көксудан кейін облыс орталығына іргелес жатқан ауданның бірі. Аталған ауданда ең алдымен табиғи газға тамақ пісіреміз деп дәмеленген Шымыр ауылының тұрғындары. Олар бүгінде әлі де үмітті. Жалпы Ескелді де жалпы алғанда 33 ауыл бар. Біріне бірі жақын орналасқан. Дегенмен оның 8-і ғана газ жүйесіне қосылған екен Қалғаны кезек күтіп тұр. Газдандыру жұмыстарының бірінші кезеңінде 21 елді мекенді газдандыру қарастырылмақ. Көп ұзамай газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілетін болады.
Қаратал ауылы да облыс орталығына жақын орналасқан. Біз әлі табиғи газды күтіп жүрміз. Кезінде Алматы облысыныңәкімі Амандық Баталов біздің ауылға газдың алдымен келетінін айтқан еді. Ол тілегіміз орындалмады. Ауызсу мәселесі де қолбайлау болып отыр. Біздің ауылдың негізгі мәселелері осы. Жол да әлі жөнделіп бітпеді. Енді газ кірсе игі болар еді. Қыста көмірдің кезегіне тұрып мезі боламыз. Сапалы көмірде табу қиындап барады. Бағасы да бұрынғылдан қымбаттап кетті, - дейді Қаратал ауылының тұрғыны Қанатбек Досымбек.
Ең алғаш 2014 жылы Алматы облысын газдандыру жұмысы қолға алынған болатын. Алматы қаласынан қазіргі жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына газ құбыры тартылды. Бұл құбыр алдымен Шымыр ауылының іргесінен өткен еді. Дегенмен елден бұрын бізге газ келеді деп алақайлаған шымырлықтардың қуанышы сепкендей басылды.Бөлінген ақша талан-таражға түсті ме, атқарылған жұмыс шикі болды ма, әйтеуір ауылға газ кірмеді. Биыл бұл іс қортындыланып, ауылға газ кіреді деп есндіріп отыр басқарма қызметкрелері.
Шымыр ауылында 800-ге жуық тұрғын үй бар. 5 мыңнан астам тұрғын тұрады. Оларды толық табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 32 шақырым газ құбыры тартылуы қажет. Бүгінде алға қойған жоспардың 50 пайызы іске асты.Құрылыс жұмысын «Алматы Production Construction & Invest» ЖШС жүргізсе, жұмыс сапасы «Тұран құрылыс» ЖШС қадағалауында. Көп ұзамай халықтың көптен күткен тілегі орындалады. Қазір жауапты компаниялардың жұмысы жылдап жүріп жатыр. Берілген мерзімге дейін аяқтауы шарт, - дейді А.Бекетаев.
Шыныда бұл іске жауапты мердігер компанияның жұмысы қауырт екен. Бірі газ құбырларын сырлау жұмыстарын реттеп жатса, енді дәнекерлеп жатыр. Одан бөлек жұмысшылар газ газ жеткізетін шкафтарды орналастырып, тексеріп жүр. Күз өтпей, қысқа дейін жұмысты тәмамдау шарт. Тұрғындар да қосыла қадағалап жүр. Көгілдір отын оларды қысты күнгі біраз әурешіліктен босатады.
Қаратал да газдан үмітті
Алыс аудандардың қатарына Қараталды да қосуға болады. Дегенмен мұнда табиғи газға қол жеткізу мәселесі біртіндеп шешеіліп келеді. Газдандыру жұмыстары бойынша аталған аудандағы 35 елді мекеннің 19-ы газдандыруға жатады. Жоспарланған 19 елді мекенді газдандыру нәтижесінде 2025 жылы 39 мың тұрғын немесе 96,8 пайызы табиғи газға қол жеткізе алады. Бүгінгі таңда орындалған жұмыс көлемі 60 пайыздан асқан. Барлығы 40,3 мың адам табиғи газдың игілігін көреді деп болжануда. Оның ішінде Үштөбе қаласы бойынша 19,5 мың тұрғын, пайызға шаққанда жүргізілген жұмыс көлемі 90 пайыз. Кәлпе ауылы, Оян ауылы, Үштөбе қаласының батыс жағына газ беріліп, жалпы 34 үйге газ қосылып, 56 техникалық шарт алынған.
Бүгінгі күні ауданымыздың 11 ауылын жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге газдандыруды кезең-кезеңімен аяқтау жоспарланған. Жаңаталап, Оян, Ескелді би, Қызылжар, Көкдала, Достық, Кальпе, Қанабек ауылдарында жұмыстар 2021 жылы басталды. Ал Тастөбе, Ортатөбе, Бастөбе елді меккендерінде жұмыстар 2022 жылы басталған. Сарыбұлақ ауылын газдандырудың құрылыс-монтаж жұмыстарына келісім-шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталды. Оған жауапты «Алматы Production Construction&Invest» ЖШС мен «ST-LTD» ЖШС. Олар ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарлап отыр. 5 елді мекенде газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өтуде. Қорытындысын алғаннан кейін энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданады. Олар Жылыбұлақ, Жасталап, Қаражиде, Кішітөбе және Үшкөмей ауылдары, дейді Қаратал ауданың әкімі Ұлан Досымбеков.
Газдандыру бойынша Үштөбе қаласында 17 көп пәтерлі тұрғын үйлерді, мемлекеттік және заңды тұлғаларды газбен жылыту үшін 4 блокты-модульді қазандық орнату жоспарланған екен. Бүгінгі күні бір қазандық орнатылған. Қалған үш қазандықтың орнату жұмыстары биылғы жылдың аяғына дейін жоспарланып отыр. Газға қосылу бағасы 169 мың теңгеден аспайтын болады, орташа бағасы 135-140 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, қазандықтың құнын қайтарымсыз, 10 айға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен қатар, былтырғы жылы 478 млн. теңгеге 4 пештен тұратын 140 мың ш.м. жылытуға арналған блокты-модульды қазандық іске қосылған. Нақтылап айтсақ, 253 абонент, барлық жылу қуаты 3,5 МВт * 4 = 14 МВт немесе 12 Гкал/сағ.
Жалпы,биыл өңірде газдандырудың жалпы құны 13,5 млрд теңгені құрап отыр. Соған сай ондаған жоба қолға алынған. Соның аясында 700 км жуық газ желілері тартылмақ. Биылдың өзінде 40 мыңға жуық тұрғын қуанышқа кеңелмек. Еі маңыздысы Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандары да бұл игілікті істің жемісін көреді.
Облыс орталығынан алыста орналасқан үш аудандағы 66 елді мекенінің 124 мың тұрғыны көгілдір отынға кеңеледі. Осы мақсатта 100 млрд теңгеден асатын ауқымды жоба жүзеге асуда. Оған қосы Мемлекет басшысының халықты газбен қамту жөніндегі тапсырмасына сай қосымша республикалық бюджеттен 20 млрд теңге қарастырылып отыр. Бүгінде ЖСҚ дайын, мемлекеттік сараптама нәтижелері алынды. Биыл жобалардың тұсауы кесіледі. Шалғайдағы ауылдар да табиғи газды пайдаланады, - дейді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.
Жетісуда газ тұтынып отырған халықтың саны 50 пайызға да жетпейді.