Жетісуда ауыз су сынамалары талапқа сай емес

13 Шілде 2023, 18:23
772
Бөлісу:
Жетісуда ауыз су сынамалары талапқа сай емес
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Жетісуда ауыз сумен жабдықтау орталықтандырылған жүйелерінен 635 су сынамасы алынған. Оның 23-і гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келмеді, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы алты айда Жетісу облысындағы қоршаған ортаның санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде кейбір ауыз су жүйелері талапқа сай емес. Мәселен, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 824 су сынамасы зерттелген, оның ішінде ауыр металдардың тұздары мен пестицидтер де бар. Қорытындысында 55 сынама гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келмеген. Талапқа сәйкес келмейтін сынамалар бойынша аумақтық басқармалар жергілікті атқарушы органдарға хабарламалар жолдады.

Саланың баспасөз қызметінің мәліметінше, сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын 1-санаттағы су айдындарының ішінен 33 сынама микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштеріне, 36 сынама санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттелген. Гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін сынамалар анықталмаған.

Жаппай демалу үшін пайдаланылатын 2 санаттағы су айдындарының 76 сынамасы микробиологиялық көрсеткіштерге, 79 сынамасы санитариялық-химиялық көрсеткіштерге, 48 су сынамасы паразитологиялық көрсеткіштерге зерттелді. Гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін сынамалар анықталмады.

Топырақ жай-күйінің мониторингісі шеңберінде микробиологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге 35 топырақ сынамасы іріктеліп, зерттелген. Соңғы нәтижелерге сүйенсек, 2 сынама (5,7%) микробиологиялық көрсеткіштерге және 1 сынама (2,8%) паразитологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Бұл оң нәтижелер жағажай аумағынан алынған топырақ үлгілерінен анықталды. Топырақтың жай-күйін жақсарту бойынша әкімдікке қалалық бассейн демалыс аймағының аумағын абаттандыру, тазалау және дезинфекциялау бойынша іс-шаралар өткізу үшін хат жолданды.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, автомобиль көлігінің үлкен ағыны байқалатын елді мекендерде – облыстық және республикалық маңызы бар автомагистральда жүргізілді. Атмосфералық ауаның зерттелген 9910 сынамасынан 57 сынамада мынадай көрсеткіштер бойынша шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кету анықталған. Түстеп өтсек,: бейорганикалық шаң – 42 сынамада, бензин фракциясы – 12 сынамада, күйе – 3 сынамада.

Бұл заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан артуы Ақсу және Қаратал аудандарында тіркелген. Осы бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау үшін аудандық санэпидбақылау басқармалары жергілікті атқарушы органдарға хаттар жолданыпты. Дегенмен осы аудандардың тұрғындарынан аумақтық басқармаларға атмосфералық ауаның сапасына және ауаның салдарынан денсаулық жағдайының нашарлауына шағымдар түспеген.

Өзгелердің жаңалығы