Жетісуда ауылға кіріп кеткен қонжық іздестіріліп жатыр

Мамандар жабайы аңды қауіпсіз түрде табиғи ортасына қайтаруға тырысуда.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 17:19
Бүгiн 2026, 17:19
203
Фото: depositphotos.com

Жетісу облысында Сарыөзек ауылына кіріп кеткен қонжықты іздеу екінші күнге жалғасып жатыр.

Ауыл көшелерінде жүрген жас аюдың видеосын бұған дейін жергілікті тұрғындардың бірі әлеуметтік желіге жариялаған. Кадрлардан ер адамның көлікпен жануардың соңынан қуғаны көрінеді. Алайда қонжық тар көшелердің біріне кіріп, көзден ғайып болған.

Жергілікті билік видеоның шынайы екенін растады және жануарды іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Ауыл тұрғындарынан сабыр сақтап, қонжықты іздеуге көмектесу сұралған. Іздеу жұмыстары түнге дейін жалғасқанымен, нәтиже болмаған.

Кейін әлеуметтік желілерде өлтірілген аюға қатысты суреттер тарай бастады. Алайда Кербұлақ ауданы әкімдігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Өлтірілген аю туралы тарап жатқан фото шындыққа сәйкес келмейді. Бұл сурет жасанды интеллект көмегімен жасалған. Қазіргі уақытта жануарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір қонжықты табиғатты қорғау полициясы мен ТЖД қызметкерлері, орман шаруашылығы мамандары, әкімдік пен ветеринариялық қызмет өкілдері іздеп жатыр.

Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі Мәди Шәкенов іздеу жұмыстары тағы бірнеше күнге созылатынын айтты.

Егер аю табылмаса, онда ол табиғи мекеніне аман-есен оралған болуы мүмкін. Тұрғындардан түрлі болжам таратпай, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Іздеу нәтижесі туралы міндетті түрде хабарланады, – деді ол.

 
 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кертаев Айдос (@krisp.tdk)

Наверх