Өткен айдан бастап егіншілер алқап басында жүр. Жиын-терім жалғасуда, өнім көлемі жоспардағыдан төмен. Күткен нәтижеге қол жеткізге аламыз ба?, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жүгерішілердің алаңы басым
Аграрлы өңірдің өнім көлемі жылдан жылға артып келеді. Дегенмен ауа райының саларынан кейбір шаруалар күткен нәтижеге қол жеткізге бермейді. Бірі мол өнім алса, бірі шығынын әзер ақтайды. Сондықтан көп жағдайда мемлекеттен берілетін көмекке қол сазады. Мәселен биыл тағы жүгерішілер зардап шекті. Көктемде табиғат салқын тартып тау басындағы қардың суы төменге кеш түсті. Содан су тапшылығы болып, біраз шаруа тұқымды уақытынан кеш септі. Қазір ерте пісетін сұрыптарды жинауға кіріскен шаруалар, өнімі ойдағыдай болса екен деп әбігерге түсіп жатыр.
Жүгеріні жинау оңай емес, техниканың күші керек. Одан кейін оның ылғалдылығын бақылау маңызды. Зауыттар ылғалдылығы аз болса ғана алады. Оған дейін әбден кептіреміз. Біздікі алаңда жатады. Содан күннің жылы болғанын тілейміз. Күн суық болса оңайлықпен кеппейді. Былтыр солай болып қаншама дихан зардап шекті. Тіпті кейбірі шығынға батып, биыл егін көлемін азайтып алды. Сондықтан барынша еңбектену қажет. Қазір күн ерте салқындап кетті. Табиғат бірден ылғал тартып, тауға қар жақындады. Содан қорқып отырмыз. Жүгеріні кептіре алмаймыз ба деп, - дейді жеркенттік шаруа иесі Илхан Танзыбаев.
Жылдағыдай өңірде егін жинау мезеті шілдеден басталады. Бүгінде техникасын сүйреткен дихандар алқап басында жүр. Облыстағы жалпы егіс алқабы 510,1 мың га. Дәнді дақылдар 294,2 мың га, масақты-дәнді дақылдар – 252,0 мың га. Бидай – 98,3 мың га, арпа – 152,0 мың га, басқалары – 1,7 мың га жеткен. Күріш – 1,2 мың га, дәндік жүгері – 41,1 мың га болады. Ал майлы дақылдар 88,5 мың га, соның ішінде соя – 71,7 мың га, күнбағыс – 12,2 мың га, сафлор – 4,3 мың га, зығыр – 0,26 мың га есептелген. Картоп 6,5 мың га, қант қызылшасы – 13,7 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 8,7 мың га. Осы күні егіннің жартысы жиналды. Тіпті толығымен шабылған өнімдер де бар. Ол – бидай. Мәселен, биыл 98,3 мың га/225,3 мың тн/22,9 ц/га алынған, былтыр 19,9 ц/га болған еді.
Бүгінде 152 мың гектар арпаның 134,3 мың гектары орылып, одан 308,7 мың тонна өнім алынды. Нәтижесінде 23,0 ц/га, былтыр 2023ж.-20,3 ц/га болған еді. Әлі жинап алынатын егіс алқабы 17,7 мың гектар. Алакөл - 320 га, Ескелді - 160 га, Кербұлақ – 17,2 мың га қалды. Айдың аяғына дейін толық жиналып алынады. Дәндік жүгерінің мың гектардан астамы шабылып 7,6 мың тоннасы жиналды. Барлығы – 41,1 мың га құрайды. Нәтижесінде 64,9 ц/га алдық. Қалғаны Панфилов ауданында – 680 га, Кербұлақ ауданында – 492 га. Жалпы ағымдағы жылы 281,9 мың тонна дәндік жүгері жинау жоспарланып отыр. Өткен жылы – 57,1 мың га/392,0 мың тн/68,6 ц/га; Ауытқу: -16 мың га / -110,1 мың тн болды, - дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.
Жетісуда жиым-терім науқаны күздің аяғына дейін жалғасады. Әзірге көздеген межеге жете қойған жоқ.
Зауыт жүгеріні ылғалдығына қарай бағалайды
Бүгінде шаруалар жүгеріні кептіру мәселесі алаңдатады. Себебі барлығында соған сай техника жоқ. Бірінікін бірі жалдап алуға мәжбүр. Мәселен Жаркент крахмал-сірне зауыты дәндік жүгерінің қабылдау бағасын біраз өзгерткен. Өнімнің ылғалдығы 20% - 55 мың тг, ылғалдығы 15% - 60 мың тг көлемінде қабылдайды. Бұл көрсеткішке жету шаруалар үшін оңай емес. Ылғалдығылы 15% пайызға күздің салқынында жетпейді. Оған заманауи техника керек.
Жүгерінің ылғалдылығын 15-20 пайызға жеткізу бәріне бірдей қол емес. Шағын шаруалардың оған әл-дәрмені жетпейді. Мәселен кейбір шағын шаруалардың егіні бітік шықпады. Олар кептіру үшін біраз әуреге түседі. Оны ешкім ойлап жатқан жоқ. Техника жаңарып жатқанымен, шағын шаруалардың қолына тимейді. Оның құны өте қымбат. Одан жалдап алған тиімді. Биыл шығынға батпасақ деп отырмыз. Оның үстіне жаз уақытында судан біраз кедергі көрдік. Өнім көлемі аз болуы да мүмкін, - дейді диқан Әлімбек Саттарбаев.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, осы 544,2 мың тонна астық бастырылған. Атап айтсақ, бидай – 225,3 мың тн, арпа – 308,7 мың тн, сұлы – 1,2 мың тн, жүгері – 7,6 мың тн, басқалары – 1,4 мың тн қамбада жатыр. Бұлардың гектар өнімділігі орташа 23,1 центнерден айналып отыр. Былтыр 20,3 ц/га айналған еді.
Өңір көлемінде жалпы қуаттылығы сағатына 283 тонна болатын 7 астық кептіргіш бар. «Оразбай» ШҚ – 50 тн/сағ, SSA Feed Mills ЖШС – 50 тн/сағ, Халық Астық экспо ЖШС – 30 тн/сағ, Агрокультура Импекс ЖШС – 60 тн/сағ, Мажико ЖШС – 60 тн/сағ, «Самал» ШҚ - 6 тн/сағ, «Сайранбек Агро» ЖШС -27 тн/сағ астық кептірумен айналысады. Олардың 5-і газбен («Оразбай» ШҚ – 50 тн/сағ, SSA Feed Mills ЖШС – 50 тн/сағ, Халық Астық экспо ЖШС – 30 тн/сағ, Агрокультура Импекс ЖШС – 60 тн/сағ, Мажико ЖШС – 60 тн/сағ), 2-і дизель отынымен жұмыс істейді. («Самал» ШҚ - 6 тн/сағ, «Сайранбек Агро» ЖШС -27 тн/сағ).
Жиналған астықтың 194,6 мың тоннасы сатылды. Бүгінде трейдерлерге – 28,4 мың тонна, Көгер құс фабрикасына - 5,7 мың тн, Уыт зауытына – 10,0 мың тн, мал азығына – 150,5 мың тн өнім жіберілген. Одан бөлек 339,0 мың тонна қоймаларға құйылды. Бүгінде 487 қойма бар,оның қуаттылығы-713,5 мың тн). Арпаның бағасы тоннасына – 50 мың тг, бидай: 3 класс/70 мың тг, 4 класс/55 мың тг, астық бидай - 40/50 мың тг-ні құрайды. Майлы дақылдардың 2 мың гектардан астамы жиналды, одан 3,4 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділігі – 14,0 ц/га. Өткен жылы 12,5 ц/га болған. Биыл сәл аз болып тұр. Барлығы - 88,5 мың га: күнбағыс – 12,2 мың га, майбұршақ – 68,3 мың га, сафлор – 7,7 тыс. га, зығыр – 258 га алынды, - дейді басқарма басшысы Нұрдәулет Кененбаев.
Оның айтуынша көкөністерді де қазып алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Картоптың 3,9 мың гектары немесе 59,8% жиналып, 81,5 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділігі – 209,3 ц/га. Өткен жылғыдан төмен. Көкөністің 5,4 мың гектары немесе 75,2% жиналып, 152,5 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділігі - 282,9 ц/га. Былтырдан көрсеткіш жоғары. Бақша дақылдары толығымен жиналып, 44,7 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділігі – 298,6 ц/га. Көрсеткіш көлемі өткен жылғыдан кем емес.
Қант қызылшасын өткізуде көліктер кезекте тұр
Көксу қант зауытының алды жүк көліктеріне толып тұр. Күніне ондаған жүк көлігі келіп, үстіндегі тауарларын өткізеді. Қазір зауыт алдында ине шаншар орын жоқ. Күніне 20-30 көлік қабылдайды. Тәтті түбірді қазу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Барлығы – 13 653 гектар алқап қазылып жатыр. Ақсу ауданында – 2200 га, Алакөл ауданында – 644 га, Ескелді ауданында – 3063 га, Қаратал ауданында – 1461 га, Кербұлақ ауданында – 877 га, Көксу ауданында – 2337 га, Сарқан ауданында – 2921 га, Талдықорған қаласында – 150 га алқап қазылды. Бүгінде 615 мың тонна өнім жиналған. Оның 250 мың тоннасы Көксу қант зауытына, 365 мың тоннасы Ақсу қант зауытына өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Осы күні 68 шаруа қожалығынан 611,8 гектары жиналған. Олардан жалпы алғанда 26,5 мың тонна қызылша алынған. Орташа өнімділігі гектарына 432,9 центнерден айналып отыр. Нақтылап айтсақ, Ақсу ауданы – 84,5 га / 3141,5 тн. / 371,8 ц/га, Алакөл – 17,0 га / 595 тн. / 350 ц/га, Ескелді – 186,6 га / 8134 тн. / 435,9 ц/га, Қаратал – 34,5 га / 1416,1 тн. / 410,5 ц/га, Кербұлақ - 5 га / 170 тн. / 340 ц/га, Көксу – 105,2 га / 4591,7 тн. / 436,5 ц/га, Сарқан ауданы - 179 га / 8437,5 тн. / 471,4 ц/га өнім жиналған. Бүгінде тәтті түбір өндейтін кәсіпорындары 65 шаруа қожалығынан 21 283 тонна шикізат қабылдады. Оның ішінде Көксу қант зауытына 46 шаруа қожалығы – 13 051 тонна, ал 19 шаруа қожалығына Ақсу қант зауыты – 8 231,7 тонна қабылдаған, - дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.
Көксу қант зауытына келісім шартқа отырған аудандар – 370 мың тн өнім өткізеді. Оның ішінде Ескелді – 173 мың тн, 565 цн/га, Қаратал – 61 мың тн, 416 цн/га, Кербұлақ – 31,5 мың тн, 359 цн/га, Көксу – 100 мың тн, 426 цн/га, Талдықорған – 5,2 мың тн, 350 цн/га алынған. Ал Ақсу қант зауытына келісім шартқа отырған аудандар – 245 мың тн, оның ішінде Ақсу – 82 мың тн, 372 цн/га, Алакөл – 24,3 мың тн, 377 цн/га, Сарқан – 138 мың тн, 472 цн/га қабылдайды.
Облыс орталығының шаруалары қазан айынан қазу жұмыстарын бастайды. Биыл өнім көлемі ойдағыдай шығады деп ойлаймын. Судан біраз тапшылық көргеніміз рас, дегенмен уақытында суарып отыруға тырыстық. Көксу қант зауыты алыстағы шаруалардың егінін қабылдап жатыр. Біздің кезек енді келеді. Мемлекеттен қолдау болмаса шаруаларға қиын. Биыл өнім көлемі жақсы болса, келесі жылы да алқап көлемін ұлғайтқымыз келеді. Қазір өңірдегі игерілмей жатқан жерлерді алу үшін өтініш жолдадық. Қабылдаса жақсы болар еді. Техника жағынан кедергілер болмаса деп отырмыз, - дейді талдықорғандық Әбдір Атаубаев.
Жаңа техника іске жараса...
Техника дегеннен шығады, қант қызылшасының жиын-терін жұмысына 108 комбайн қатысуда. Оның 31-і ағымдағы жылы сатып алынды. Ақсу-6, Алакөл-4, Қаратал-5, Кербұлақ-3, Ескелді-3, Көксу-3, Сарқан-6, Талдықорған-1 техника сатып алған. Жаңадан құрылған 8 сервистік даярлау орталықтарына 15 комбайн жеткізілген. Қалған 4 комбайнның екеуі көксудағы СДО «Тәтті түбір» шаруашылығына ай аяғына дейін, екеуі Сарқандағы СДО «Әділ» шаруашылығына 30 қыркүйекке дейін жетеді. Ол техникаларды биыл пайдалануға болады.
Жалпы қант қызылшасы бағытында 25 СДО бар, 408 техникасымен қамтылған. Қант қызылшасын жинауға Беларус елінен 4 комбайн жеткізілді. Оның екеуі Сарқанға, қалған екеуі Көксуға тиесілі. Келесі жылдың өніміне 70 мың гектар күздік масақты дәнді дақылдар себу жоспарланып отыр. 69 мың га – бидай, 1 мың га – арпа егілмек. Қажетті 15,9 мың тонна күздік дәнді дақылдар тұқымының 11,4 мың тоннасы (71,5%) зертханалық тексеруге түсіп, оның 10,7 мың тоннасының сапасы анықталды. Оның 1 класс – 2,1 мың тн, 2 класс – 6,8 мың тн, 3 класс – 1,8 мың тн саналады, - дейді басқарма басшысы Кененбаев.
Бүгінде күздік дақылдардың 27,8 мың гектары себілген. Ақсу ауданы – 3800 га / 46,9%, Алакөл – 3900 га / 51,3%, Ескелді – 1300 га / 16,9%, Кербұлақ – 5250 га / 19,4%, Көксу – 1762 га / 68,1%, Сарқан ауданы – 11600 га / 74,8%, Талдықорған қаласы – 180 га жерге дән сепкен. Сондай-ақ өңір бойынша 127 мың гектар сүдігер жырту жоспарланған, оның ішінде терең сүдігер – 15,0 мың гектар есептелді. Жалпы алғанда 47,7 мың гектарда сүдігер көтерілген Оның 1,9 мың гектарында (12,8%) терең сүдігер саналады. Нақтылап айтса кетсек, Ақсу ауданы – 4680 га / 43,4%, Алакөл – 7200 га / 53,3%, Ескелді – 3000 га / 16,9%, Қаратал - 1240 га / 24,8%, Кербұлақ - 5700 га / 11,9%, Көксу – 3021 га / 37,8%, Сарқан ауданы – 22400 га / 100%, Талдықорған қаласы – 320 га / 29,1% сүдігер, оның ішінде: терең сүдігер: Ақсу ауданы – 580 га / 24,7%, Алакөл – 200 га / 22,2%, Ескелді – 110 га / 3,4%, Қаратал – 170 га / 11,3%, Кербұлақ – 450 га / 56,3%, Сарқан ауданы – 85 га / 2,7%, Талдықорған қаласы – 40 га / 26,7% саналады.
Күздік дақылдарды себерде техника жетіспеушілігі болды. Дегенмен көрші аудандардан техника сұрап ектік. Қазір көңліміз орнына түсті. Жаңа техникалар сатып алған үлкен шаруашылықтар ескі егін көліктерін сатуға қояды. Соны сатып алсақ деген ниеттеміз. Биыл өнім жақсы шықты, - дейді сарқандық шаруа иесі Алтынбек Бергенбаев.
Осы ретте айта кетейік, дизель отыны бойынша оператормен мұнай зауытынан шілде айының көлемі толық жеткізілді. Мәселен, шілдеде – 1,0 мың тн, тамызда – 1,6 мың тн, қыркүйекте – 2,8 мың тн, қазанда – 1,1 мың тн жеткізілу жоспарланған. Тамыз айының көлемінің 1 560 тоннасы сатып алынған. Ал минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемі 49 мың тоннаға дейін ұлғайтылып бекітілді. Мамандардың айтуынша, бүгінде мыңдаған шаруа қожалық 46,9 мың тонна тыңайтқыш сатып алып, қолданып жатыр. Минералды тыңайтқыштар агротехнологиялық технологияға сәйкес жыл бойы қолданылады.
Өнімді жинау, күздік дақылдарды себу және сүдігерді жырту жұмыстары тұрақты бақылауда болмақ. Қыркүйек айы жауынға толы болмақ, жүгерішілер шыр-пыр болып отыр.