Жетісуда алтын тауып, жерді заңсыз қазғандар ұсталды

3 Қазан 2022, 22:13
2000
Бөлісу:
Жетісуда алтын тауып, жерді заңсыз қазғандар ұсталды

Қазып алынған қазбалар (әртүрлі тастар мен құмдар) жүк көлігіне тиелген. Полиция аталған дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 334-бабының 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша тергеу амалдарын қолға алып, сарапатамалар тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу тауларында алтын кенін заңсыз алумен айналысқандар ұсталды. Аталған факті Ақсу ауданында тіркелді. 1 қазанда Баласаз ауылының маңындағы таулы жерлерде жергілікті полицейлер заңсыз алтын іздеу бригадасын ұстады. Бригада алты ер адамнан тұрады, олар Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктілер алтын кенін өндірумен айналысқан деп болжанады. Ұсталғандар өз қызметіне қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Тәртіп сақшылары кудіктілерден автокөліктерді (жүк көлігі HOWO, экскаватор, УАЗ), сонымен қатар бұрғылар, электр генераторы, перфоратор, арнайы шыңдар, дайындалған қаптар, киіз үй мен шатырды тәркіледі.

Қазылған қазбалар (әртүрлі тастар мен құмдар) жүк көлігіне тиелген. Қазіргі кезде аталған дерекке сәйкес тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық тергеу ісі қозғалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 334-бабының 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша жүргізіледі, - деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау басқармасының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Өзгелердің жаңалығы