Жетісуда Абай ескерткіші ашылады

14 Наурыз 2023, 15:06
838
Бөлісу:
Жетісуда Абай ескерткіші ашылады
Фото: автордан Коллож: Зәуреш Смағұл

Ұлыстың ұлы күні Жетісуда көптен күткен хакім Абайдың ескерткіші ашылмақ, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Халықтың тілегі қабыл болды. Б.Римова атындағы Талдықорған қалалық театрының алдында алып ақынның еңселі мүсіні бой көтермек. 3 жылдан бері елдің құлағын шулатқан мәселеге осылай нүкте қойылмақ.

Айта кетейік, 2019 жылы өңірдегі Қоғамдық кеңестің, Ардагерлер ұйымының тағы басқа да бірлестіктерге жауаптылардың бастамасымен хакімнің 175 жылдығына арналған еңселі ескерткіш тұрғызуға шешім қабылданған еді. Сөйтіп, қажетті құжаттар дайындалып, азаматтардың ұсынысына сай театр ғимаратының алдынан орын белгіленіп, 100 млн теңге қаражат та бөлінген. Алайда беймәлім себептермен қолға алған жұмыс аяқсыз қалған. Мұны өңір тұрғындары жақсы біледі. 

облыс әкімі Бейбіт Исабаев халықпен кездескенде ақсақалдар жиылып бас ақынның ескерткішін орнатуды сұраған. Өз кезегінде 

Абай ескерткіші Алматыдағы цехтардың бірінде әзірленіп, яғни тиісті сараптамалық комиссияның шағын ескертпелері түзетіліп жатыр. Екі-үш айдың көлемінде дайын болады. Ал қойылатын орны халықпен ақылдаса отырып шешіледі, - деді өңір басшысы.

Тұғыртастың қойылатын орны турасында да біраз дау болған. Дегенмен зиялы қауым өкілдері бірлесе келіп, театрдың алды дұрыс деп тауыпты. Бұл шаһардың көрікті жерлерінің бірі әрі кіреберісте орналасқан ғимаратқа ерекше сән береді.

 Қазір облыс әкімдігі мерекедегі айтулы оқиғаға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы