Жетісуда 319 оқушы Алтын белгіге үміткер

22 Мамыр 2024, 09:44
260
Бөлісу:
Жетісуда 319 оқушы Алтын белгіге үміткер
Фото: Артём Чурсинов - архив

Биыл өңірде 7 мыңға тарта оқушы мектеппен қоштасады. Оның басым бөлігі ҰБТ тапсыруға ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыста жылдан жылға білім деңгейі көтеріліп келеді. Дегенмен ата-ана мен мұғалімдердің алаңы аз емес. Жоғары оқу орнына түсуге асыққан жастардың мамандық таңдауда қателесіп кетпеуін қадағалап отыр.

2023-2024 оқу жылы бойынша өңірде жалпы білім беретін мекемелерде 130 553 оқушы оқиды. Оның 6893-і мектепті тамамдамақ. 9-сыныпта 12 124 бала бар. Биыл 319 түлек "Алтын белгіге", ал 684 оқушы үздік аттестатқа үміткер қатарында. Болашақ түлектердің ҰБТ тапсыруға өтінімдері 6-14 мамыр аралығында қабылданды. Мемлекеттік тестке 6 мыңнан астам оқушы тапсыруға әзір, - дейді облыстық білім басқарамасының басқышысың орынбасары Әли Солтанбек.

Оның айтуынша өңірде ҰБТ тапсыруға арналған 2 пункт бар. Оның бірі облыс орталығында орналасса, екіншісі олар Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында орналасқан. Тестілеу 16 мамырдан басталып, 5 шілдеге дейін созылады. Ал апелляциялық комиссия құжаттарды 10-16 шілде аралығында қарайды.

Одан бөлек 9-сынып оқушылары мамыр айының аяғында 4 пәннен емтихан тапсырады. 5-8 сынып және 10-сыныптарда оқитын 58850 оқушысы "Қазақ тілі", "Қазақ тілі және әдебиеті" пәндері бойынша сынақтан өтеді.

Соңғы қоңырауға бір күн қалғанда барлық білім шаңырақтарында "Білімім-Отаным!" атты жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында қабылданған іс-шара. Мектептегі білімін аяқтаған түлектерге 12-15 маусымда аттестат тапсырылады.

Оқушыларға рұқсатсыз банкет өткізуге тыйым салынған. Кез келген жиын облыстық білім басқармасы қадағалауында болады.

Өзгелердің жаңалығы