Облыста 200-ге жуық білім мекемесінің асханасы тексеріліп, бәрінен заң бұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Рұқсат етілмеген өнімдер қолданылған
Жалпы ел ішіндегі мектептерде бастауыш сыныптарға тегін тамақ беру талаптары қойылғалы, білім мекемелерінің асханалары көп сынға ұшырап жүр. Әр өңірде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жиі тексерістер жүрзігіп, білім мекемелеріне ескерту беріп отырады. Оның үстіне ата-аналардың өтініш-арызы ескеріле отырып, шешім шығарылады. Қазір ауыл-ауылдарды жеке кәсіпкерлер мектеп асханасын жалға алып, мемлекеттен түскен қаржыны игеруге тырысады. Дегенмен оның да өз талаптары бар. Оқушының денсаулығына зиян келтірмейтін, пайдалыс ас мәзірін ұсынуы шарт. Оны арнайы мамандар тексерістен өткізіп, саралайтын болады. Осы ретте Жетісу өңірінде көптеген білім шаңырақтарында саниятариялық талаптарды сақтамаған, арнайы бегітілген ережені бұзған мектеп асханалары белгілі болды.
Білім беру және тәрбие объектілерінде қауіпсіз тамақтану жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы ата-аналарға жеткізу біздің бір міндетіміз. Әрбір оқушы дұрыс тамақтануы қажет. 2024 жылдың басынан қалалық және аудандық басқармалары прокуратура органдарымен бірлесіп 187 мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Сол тексеріс барысында барлық білім мекемелеріненбұзушылықтар анықталған. Мәселен асханаларда ас блогы қызметкерлерінде медициналық кітапша болмаған немесе толық өтпеген. Одан бөлек азық-түлікті сақтау шарттары бұзылған, яки температуралық режим, тауарлық көршілестіксақталмаған. Азық-түлік пен шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмаған.Мұның бәрі талаптарға сай емес, - дейді Жетісу облысысанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Самат Ахметов.
Оның айтуынша, тіпті асхана қоймаларындағы бақылау-өлшеу аспаптары жұмыс істемейді, кейбірінде атымен жоқ. Ол ол ма рұқсат етілмеген өнімдер қолданылғандар да бар. Мысалы, дәмдеуіштер, қоспалар, қуырылған бәлішанықталған. Шеттері сынған, деформацияланған жарықтары бар ыдыстар пайдаланған мекемелер де кездеседі. Ыдыстардың саны жеткіліксіз, жергілікті сору желдету жүйесі жұмыс күйінде емес екен. Осының бәрі мектеп асханасы сақтамаған талаптар ретінде қарастырылған. Қазір аталған департамент өкілдері тексеріс нәтижесінде қорытынды шығарып, айыппұл қағазын дайындап отыр.
Әрине, кез келген ата-ана балаларының мектепте дұрыс тамақтанғанын қалайды. Алайда балалрымыз қарынымыз тоқ деп келген емес. Ойын баласы болғаннан кейін жиі-жиі қарыны ашады. Оның үстіне тегін тамақ болған соң асхана қызметкерлері ас көлемін аз-маздан салады. Балалар көп. Бәріне бірдей жеткізу үшін өлшеп салады. Оған бірі тойса, бірі тоймайды. Кейбір ата-аналар мектептен тамақтануға рұқсат етпейді. Себебі беріп отқан тамақтарға көңілі толмайды. Мұнда көпбалалы ата-аналар бар, олардың балалары міндетті түрде тамақтануы керек. Сол сияқты мәселелер бар. Баламыз дұрыс тамақтанса дейміз, - дейді Балпық би ауылының тұрғыны Панар Ыдырысова.
Ата-аналардың да пікірі әртүрлі, бірі мектеп асханасының мәзіріне көңілі толса, бірінің көңілі толмайды. Бірі – баласының тоқ келетін айтса, бірі – аш келетінін айтып, аразын жазады. Сол үшін өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жиі бақылау жүргізуге мәжбүр.
7 материал сотқа жіберілген
Қандай да бір білім мекемесінің асханасы көрсетілген заң талаптарын сақтамаса, заң аясында жазаланады. Тіпті, өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айыппұл арқалатуы мүмкін. Мәселен, жоғары айтылған білім шаңырақтарының ешқайсысы жазадан құтылып кете алмаған. Қараңыз, прокуратура органдарының ұсыныстары бойынша білім мекемелерінің асханаларына 50 әкімшілік айыппұл салынып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауына байланысты 7 материал сотқа жіберілген.
Ата-аналардан келген өтінішке бей-жай қарай алмаймыз. Қандай болмасын қоғамдық тамақтану объектілері таза болы шарт. «Оларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес білім беру ұймдарының асханаларында шикі және дайын өнімді сақтауға, дайын тағамдарды дайындауға, қолды жуу үшін қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасалуы тиіс. Мұнда тіпті суық және ыстық сумен қамтамасыз етілген раковиналарды орнату қажет екенін де айтылады. Сондай-ақ тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттарына басакөңіл аудару міндетті. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келуі керек. Мұнсыз істің бәрі сотқа жіберіледі. Балалардың денсаулығына зиян келмеуі керек, - дейді департамент басшысы Самат Ахметов.
Мәселен, жарамдылық мерзімі қысқа, тез бұзылуға бейім тамақ өінмдерін тоңазтқышта сақтау маңызды. Себебі тез бұзылатын өнімдерді тезірек пайдаланбаса адамның денсаулығына зиян әкеледі. Температураны бақылау үшін сынап термометрлерін пайдалануға болмайды.Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда қабылдау қажет. Келіп түскен тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаты туралы деректер тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізіледі.
Тамақтану объектілерінде жабдықты орналастыру және оның жұмысы технологиялық процестердің бірізділігі мен ағымдылығын, пісмегенжәне пайдалануға дайын тамақ өнімдерінің жанасу мүмкіндігін болдырмай, қызмет көрсетуге, жууға, дезинфекциялауға және жөндеуге арналған жабдыққа еркін қол жеткізу мүмкіндігін сақтай отырып қамтамасыз етіледі. Ұйымдастырылған ұжымдары үшін және ерте, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсететін және дайындайтын тамақтану объектілерінде тарату алдында жылытуды талап ететін дайын тағамдарды дайындау сәтінен бастап екі сағаттан аспайтын бірінші және екінші ыстық тағамдардың мармитте, ыстық плитада, изотермиялық қаптамада болуы қамтамасыз етіледі, - дейді С.Ахметов.
Ас мәзірінде азғандай тамақ түрлері жазылған
Бұл жерде тағы да бір ескере кететін жайт бар. Мектепішілік тамақтану объектілерінде құрт-құмырсқа секілді жәндіктердің жүруі де қадағаланады. Егер де тамаққа үйір кеміргіштер табылса дезинсекциялау жұмысы жүргізілуі қажет. Сонымен қатар объекті бірнеше күнге карантинге жабылып, қайта тазалау жұымстарынан кейін ашылады. Тағы бір айта кететйін жайт, заңнамаға сәйкес объектілерде дезинсекциялау және дератизациялау жөніндегі іс-шараларды өз еріктерімен жүргізуге тыйым салынады. Бұл шаруамен тек қана лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар жүргізу талап етіледі.
Балалардың жас мөлшеріне сай, денсаулығына пайда әкелетін өнімдерді пайдаланамыз. Мектеп асханаларында дайындауға және өткізуге жол берілмейтін тағамдар тізімін асханада көрнекті жерде іліп қоюға маңызды. Біз арнайы мәзр жасағанды сол саланың мамандарымен кеңесе отырып, заңнамаға сәйкес әрекет етеміз. Күнделікті бір тамақ әзірлейтін болсақ, балалр жемейді. Олар да тамақ таңдайды. Майлы тамақ ішкісі келетіндер бар. Олардың бәрінің сұранысына сай тамақ істеу мүмкін емес. Біз зиянды заттардан аулақ, гигиеналық талаптарға сай түрлі ас дайындаймыз. Оқушылар жемейді емес, жейді. Тек бірі тұзы аз, бірі сулы деген секілді әңгімелер айтады. Ал біз майды көп қоса алмаймыз. Бәрі стандартқа сай жасалады, - дейді кәәсіпкер аспаз Шынаргүл Талқыбаева.
Әр оқушының сұранысын қанағаттандыру білім мекемелеріне мүмкін емес. Бірі – күрішті, бірі – нан өнімдерін, бірі көкөністерді жақсы көреді. Солардың бәрін ескере отырып, «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы заңның шеіберінде ас әзірленеді. Бірі – үйдің еркесі болады, бірі – қалаған тамағын алуға тырысады, оған аспаздар жауап бермейді. Ал ата-аналар көп жағдайда мәселенің тереңіне үңілмей кейде дау шығарады екен.
Ата-аналардың тілегі ескерілмейді емес, ескеріледі. Бірақ мыңдаған оқуыша бар. Оның әрқайсысы мына тамақты жеймін, мынаны жемеймін деп ата-анасына шағым түсіре беретін болса, аспаздардың жағдайы қиын болмақ. Оның үстіне әр балаға бөлінген қаржының көлеміне сай ас әзірленеді. Біреуіне артық тамақ салып бермейді. Бірне бірдей көлемді табаққа салынып, алдына ұсынылады. Кейде тамақ құрамы ұнауы мүмкін. Бірақ оның пайдасы мол болады. Оны оқуышы білмейді. Ал ата-анасы тіпті сол үшін арыз жазып, тексеріс жібереді. Біз қашанда заңнамадан аттамауға тырысамыз. Бәрі бірдей жеңіл дүние емес. Заң бар,тәртіп бар, одан ешкім аттап кете алмайды. Мен түсінемін, әрбір бала бір үйдің еркесі. Ата-ана қоғам ішінде болғаннан кейін, кейбір мәселелері түсіністікпен қараса деймін», дейді мектеп директоры Орынтай Жақсылыққызы.
Біздің бір байқағанымыз, мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны игеру үшін түрлі басбұзарлыққа баратын мекемелер де бар. Алайда бәріне бірдей топырақ шашуға болмайды. Жетісу жері аграрлы өңір болғандықтан, қалалық мектептерге қарағанда ауылдық мектептерге ерекше басымдық беріледі. Ал ауылдық кейбір білім мекемелері әлі жөндеу көрмеген. Оларда заманға сай асханада болмауы мүмкін. Осыны да ескерген жөн.