Жетісуда 160 млн теңге бюджет қаражысын жымқырмақ болғандар анықталды

6 Қаңтар 2024, 14:37
536
Бөлісу:
Жетісуда 160 млн теңге бюджет қаражысын жымқырмақ болғандар анықталды

Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз шығындалуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар орындаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізу бойынша шығыстарды қосқаны анықталды, - делінген хабарламада.

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжаттарына көрсетілген сомалар мен жұмыстарды алып тастау арқылы түзетулер енгізілді.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы