Жетісу жүз тонна қант өндіре ала ма?

16 Қыркүйек 2024, 18:00
277
Бөлісу:
Жетісу жүз тонна қант өндіре ала ма?
Фото: автордан

Биыл өңірде 700 мң тоннаға жуық қант қызылшасы өңделмек. Одан 97 мың тонна қант шыға ма?, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егіншілер бұған күмән келтіріп отыр. Себебі жоспарланған тәтті түбір зауытқа келмеуі мүмкін. Жалпы алғанда облыста барлығы 615 мың тонна тәтті түбір өңделеді деп күтіліп отыр. Тиісінше одан 97 мың тонна таза өнім алынбақ. Нақылап айтсақ, 67 мың тонна қызылша қант және 30 мың тонна құрақ қант өндіріледі.

Биыл өнім барлық жерде бітік шықты десек жалған болар. Көбі бұрынғы технология бойынша екті. Одан көздеген өнім шығады деп ойламаймын. Оның үстіне бәріне бірдей жоғары сортты тұқым берілмеді. Кейбір шағын шаруалар биыл бірінші рет айналысып отыр, - дейді кәсіпкер Азамат Тоқтасынов.

Жалпы алғанда Жетісуда 14 мың гектерға тарта алқап тәтті түбірге толды. Одан шыққан шикізатты Көксу мен Ақсу қант зауыттары қабылдайды. Қос кәсіпорын соңғы жылдары қант қызылшасын ғана емес, құрақ қант өндіруді де қолға алған. Сондықтан құраққа да бәс тігіп отыр.

Өңір бойынша 597 шаруа қожалығы қант қызылшасын егеді. Оның басым бөлігі Сарқан, Ақсу, Алакөл аудандарына тиесілі. Олар Ақсу қант зауытына өткізеді. Ал көпке белгілі Көксу қант зауытына Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласының шаруалары тасиды. Биыл жалпы тоннасы 40 мың теңге. Алға ойған жоспарды орындаймыз деп отырмыз, - дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Көксу қант зауыты бір күнде 5-6 мың тонна тәтті түбірді қабылдауға әзір отыр. Биыл ауылшаруашылығы саласы қант қызылшасына ерекше көңіл бөліп отырғандықтан, зауыттың өндірістік қуаты 250 мың тоннаға дейін артпақ. Одан бөлек қосымша жұмысшылар алуға бейіл. Себебі жылдағыдан қарағанда жұмыс күші қажет.

Өзгелердің жаңалығы