Жетісу облысының тұрғыны бөтеннің жер телімін 9 миллион теңгеге сатып жіберген

23 Қазан 2022, 01:36
1006
Бөлісу:
Жетісу облысының тұрғыны бөтеннің жер телімін 9 миллион теңгеге сатып жіберген

Жетісу облыстық ПД-ның мәліметінше, 40 жастағы ер адам өзіне тиесілі емес жерді үшінші тұлғаларға сатып, сол арқылы алаяқтық жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ inAlmaty сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін күдіктінің жәбірленушілерге облыс орталығының аумағы мен оның шетіндегі жер телімдерін көрсетіп, әр 10 гектар жерін 400 мың теңгеден ұсынғаны анықталды. Ер адам өзінің әкімдікте кәсіпкерлік байланыстары бар деп сендірген. Жақын арада бұл учаскелер тұрғындарға беріледі деген. Қазір оның шынымен қандай да бір мемлекеттік органдармен байланысы бар-жоғы тексерілуде, - деді ведомство.

Болжам бойынша, күдіктінің әрекетінен 6 адам зардап шекті. Келтірілген шығын 9 миллион 200 мың теңгеге бағаланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы