Жетісу облысының әкімі тағайындалды

1 Желтоқсан 2022, 09:41
1808
Бөлісу:
Жетісу облысының әкімі тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

 

Қазіргі қызметі: Жетісу облысының әкімі

1962 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысында Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. 

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

1985-1987 жылдары - Қазақ КСР Телевизиия және радиохабары мемлекеттік комитетінде редактор. 

1987-1991 жылдары - «Лениншіл жас» республикалық газетінде тілші, бөлім меңгерушісі. 

1991-1994 жылдары - «Өркен»- «Горизонт» гаезті редакторының орынбасары, редакторы. 

1994 жылғы ақпан-сәуір айларында - Қазақ мемлекеттік телевизиясының бас директоры. 

1994 жылғы мамыр-шілде айларында - Алматы қаласы әкімшілігінде әкімнің орынбасары. 

1994-1995 жылдары - Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы. 

1997-1999 жылдары - ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы. 

2000 жылы - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі.

2002 жылы - ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 

2002-2003 жылдары - ҚР-ның Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының ұлттық үйлестірушісі. 

2003-2006 жылдары - ҚР-ның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 

2006-2008 жылдары - ҚР-ның Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. 

2008 жылғы ақпан-тамыз айларында - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі. 

2008-2009 жылдары - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы. 

2009 жылғы шілдеден бастап ҚР-ның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

2022 жылдың 13 қаңтарында Президент жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

2022 жылдың 11 маусымында жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды

«Құрмет» (2007) орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдарымен; ҚР Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы