Жетісу облысында жемқорлықпен күреске еріктілер жұмылдырылды

13 Желтоқсан 2023, 06:24
588
Бөлісу:
Жетісу облысында жемқорлықпен күреске еріктілер жұмылдырылды

Жетісу облысында сыбайлас жемқорлықпен күреске еріктілер де атсалысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар 20-ға жуық коррупциялық әрекетті құзырлы орган өкілдеріне жеткізген. Тексеріс нәтижесінде он шақты факті анықталып тиісті шаралар қолданылды. Тамыз айынан басталған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасына қатысуға 200-ге жуық өтініш келіп түскен. Осылайша қоғам белсенділері тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосып келеді. 

Жалпы бақылау шеңберінде 30 млн теңгеден астам қаражат тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Волонтерлік жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзінің тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар әділетті және ашық қоғам құруға ықпал ететінін дәлелдеді, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма офицері Мақпал Бекқұлова.

Өзгелердің жаңалығы