Жетісу облысында жаппай санитарлық тексерістер басталады

17 Қаңтар 2024, 14:12
427
Бөлісу:
Жетісу облысында жаппай санитарлық тексерістер басталады
Фото: instagram.com/jetisu_akimdigi

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бақылау іс-шараларының кестелерін немесе тізімдерін жасайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, объектілерді таңдау тәуекелді бағалау критерийлеріне негізделген автоматты түрде болады. 

Бұл бақылау субъектілерін таңдау кезінде адам факторын жояды, - деп түсіндірді Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов.

Тәуекелдерді бағалау жүйесі 0-ден 100-ге дейінгі индикаторларға негізделген негізгі құрал. Заң талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда объектілерге тәуекел көрсеткішіне сәйкес ұпай беріледі. Мұндай саралау жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежесі бар объектілерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті кәсіпкерлік субъектілері үшін есеп беру рәсімдерін айтарлықтай жеңілдететін, сондай-ақ тексерулерді жоспарлау тәртібін автоматтандыруды қамтамасыз ететін «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» жаңа электрондық жүйесін әзірлеп, сынақтан өткізуде. Бұл санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. 2024 жылға рұқсат беру талаптарының сақталуын тексеру – 105 нысан, бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау – 64 нысанда жоспарлануда, – деп қорытындылады Самат Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы