Жетісу облысында жалған медициналық құжаттарды сатып келген топ ұсталды

21 Мамыр 2023, 04:50
993
Бөлісу:
Жетісу облысында жалған медициналық құжаттарды сатып келген топ ұсталды
Фото: sn.kz

Талдықорғанның үш азаматы медициналық салада алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысының полицейлері прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция барысында алаяқтық жасағандарды анықтады.

Ұсталғандарға медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін жалған медициналық сертификаттарды дайындау және сату, клиникалық практикаға рұқсаттар, сондай-ақ біліктілік куәліктерін ұсыну бойынша айып тағылады, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Топтың құрамында бағдарламашы, құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері және жеке медицина орталығының медбикесі болған.

Күдіктілерден ондаған ұялы телефон, көптеген банктік және флэш-карта, компьютерлік техника, қатты дискілер, әртүрлі оқу орындары мен медициналық мекемелердің бірнеше адамның атына толтырылған 300-ге жуық біліктілік куәлігі табылды.

Полицияның болжамынша, қылмыстық топқа тапсырыс елдің әртүрлі өңірлерінен түскен.

Өзгелердің жаңалығы