Жетісу облысында заңсыз балық аулаған браконьер қолға түсті

27 Ақпан 2024, 20:30
570
Бөлісу:
Жетісу облысында заңсыз балық аулаған браконьер қолға түсті
Фото: polisia.kz

Браконьерлікпен айналысқан күдікті 25 ақпанда Сарқан ауданындағы Балқаш көлі маңында облыстық табиғатты қорғау полициясы және Балқаш – Алакөл Балық инспекциясының қызметкерлерімен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Балықты заңсыз аулаған жергілікті тұрғыннан 19 келіден астам табан мен қаракөз балығы, сондай- ақ 100 метр тыйым салынған моножіпті торлар тәркіленді, – дейді облыс ПД табиғатты қорғау полициясының бастығы Бағлан Рымжанов.

Балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соңғы шешім қабылдау үшін іс сотқа жолданды. Өңір аумағында рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы