Жетісу облысында "синтетика" сатқан күдіктілер ұсталды

20 Наурыз 2024, 21:11
458
Бөлісу:
Жетісу облысында "синтетика" сатқан күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полицейлер “синтетика” сатты деген күдікпен Талдықорған қаласының тұрғынын құрықтады, деп хабарлады BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Күдіктіні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері құрықтаған. Заң бұзушы қылмыс орнында «синтетика» деп аталатын есірткіні сату кезінде ұсталды. 

Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде пирролидиновалерофенон – @PvP психотроптық заты тәркіленді. Есірткінің құрамы тиісті сараптамамен расталатын болады. Күдікті қамауға алынды. Есірткі заттарын заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, – деді Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Мұрат Жұмабаев.

Өзгелердің жаңалығы