Жетісу облысында қатты нөсер салдарынан 22 үйге зақым келді

22 Тамыз 2023, 01:35
657
Бөлісу:
Жетісу облысында қатты нөсер салдарынан 22 үйге зақым келді
Фото: архив

Жетісу облысында 12 тамызда болған қатты нөсер салдарынан су кірген үйлерге арнайы комиссия сараптама жүргізіп, алғашқы қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында Ешкіөлмес және Абай ауылында 89 үйдің бүлінгені анықталды. 22 баспана апатты деп танылып бұзылатын болды. Ал 67 шаңыраққа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мамандардың мәліметінше жергілікті бюджетте осындай төтенше жағдайларға деп арнайы қаржы қарастырылып қойған. Қазір сарапшылар шығын көлемін нақтылап жатыр. Әр үйді жеке-жеке бағалайтын болғандықтан біраз уақыт қажеттігін айтады.

Қорытындыны олар бір аптаның ішінде береміз деген бәрін, бүкіл үйлердің. Бірақ біз екі-үш күнде қайсысы бітеді, соларды бере беріңдер деп айттық оларға. Себебі біздің тұрғындар қазір қиналып жатыр. Мектепте қонады. Сол себепті шет жағынан тізімді бере береді, біз шет жағынан ақырындап көмектесе береміз, - деді Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Сержан Оңалбаев.

Мұнан бөлек қазір су басқан елді мекендерде арықтар тазартылып, каналдар тереңдетіліп жатыр. 12 шақырым көше асфальтталып, жарық бағаналары орнатылмақ.

Өзгелердің жаңалығы