Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісу облысында қар құрсауында қалған азаматтар құтқарылды

21 Желтоқсан 2025, 08:32
486
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Жетісу облысында Көктұма бекетінен 15 шақырым қашықтықтағы жолда екі көлік қар құрсауында қалып қойды. Көліктерде екі адам болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына Ақши ауылының ТЖМ жедел-құтқару жасағы жіберіліп, құтқарушылар азаматтарды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

Өзгелердің жаңалығы