Жетісу облысында көп оқ-дәрілер сақталған орын анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ POLISIA.KZ Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жасырын орын Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылынан 15 шақырым жерде табылды. 729 дана 5,45 мм калибрлі патрондар әскери полигон маңындағы дала аймағында табылған металл контейнерде болды.
Полиция шалғай жерде табылған оқ-дәрілері бар темір контейнердің мән-жайын анықтап жатыр.