Жетісу облысында өндірістік қала салынады

2 Қараша 2023, 03:39
539
Бөлісу:
Жетісу облысында өндірістік қала салынады
Фото: скрин

Жетісу облысындағы «Қорғас шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында өндірістік қала бой көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

qazaqstan.tv мәліметіне сәйкес, жоба бойынша бұл жерде 200-дей кәсіпорын орналасады. 2035 жылға дейін бірнеше бағыт бойынша ауқымды құрылыс қарқын алуы тиіс.

Мұнан бөлек Жаркент қаласы маңында жүк және жолаушы тасымалдауға арналған әуежай салынбақ.

13 мекеме қазір жұмыс істеп жатыр. Оның продукциясының бәрі жеңілдікпен. Оның бәрі бюджетке түседі. Ең маңыздысы – жұмыс орындары пайда болады. Индустриалды қалашыққа арналған жер тегістеліп, инфрақұрылымы салына бастады. Кәсіпорындарда электр қуатының тапшылығы болмау үшін газды-турбиналық энергокешен салу жоспарланған. Арнайы экономикалық аймаққа 1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделген, - дейді «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ Бас директоры Мұрат Баймұханбетов.

Қазір арнайы аймаққа Қытайда өндірілген 12 мыңдай автокөлік кіргізілген. Темір тұлпарлар елімізден бөлек, Ресей, Өзбекстан және Еуропа нарығына экспортталмақ. Сондай-ақ логистика жүйесін дамыту бағытында Жаркент шаһары маңында жаңа әуежай салынады.

Өзгелердің жаңалығы