Жетісу облысында мотоцикл мінген 14 жастағы оқушы қайтыс болды

15 Қыркүйек 2022, 02:48
960
Бөлісу:
Жетісу облысында мотоцикл мінген 14 жастағы оқушы қайтыс болды

Жетісу облысында мотоцикл мінген оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес. 

Оқиға Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында 14 қыркүйек күні күндіз болды. Анықталғандай, 14 жастағы оқушы қытайлық мотоциклді басқарып, екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шығып бара жатқан кезде Nissan Maxima автокөлігімен соқтығысқан, – делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Жол көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы