Жетісу облысында мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті

15 Қыркүйек 2023, 12:21
673
Бөлісу:
Жетісу облысында мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында мектепке жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

14 қыркүйек күні Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп мұғалімдеріне сағат 11:14-те жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер бірден келді.

Полицейлер мектеп аумағын қоршауға алып, 400-ден астам адам эвакуациялады, оның 333-ы оқушы. Жетісу облысы ПД-нің саперлар тобы, қызметтік-іздестіру иттерімен бірге кинологтар ғимаратты және оның маңайын тексеріп шықты. Тексеру кезінде жарылғыш заттар табылмады. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы