Жетісу облысында биылғы маусымда 70 дала өрті тіркелді

14 Шілде 2023, 02:37
670
Бөлісу:
Жетісу облысында биылғы маусымда 70 дала өрті тіркелді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

11-16 шілде аралығында Жетісу облысының аумағында ауа температурасының +43 градусқа дейін күрт көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл табиғи өрттердің туындау қаупіне және су айдындарында адам өлімі қаупінің артуына әкеледі.

Биыл өрт қауіпті кезеңі басталғалы Жетісу облысының аумағында 4 орман өрті және 70 дала өрті тіркелді. Облыс аумағында жазда шомылу үшін пайдалануға болатын 43 ірі ашық су айдыны бар. Олардың негізгілері - Алакөл мен Балқаш көлінің жағалауы. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, су айдындарында адам өлімі фактілері орын алуда. Жыл басынан бері су айдындарында 2 адам, шомылу кезеңінде 1 адам қаза тапты. Сондай-ақ 11 адам құтқарылды, оның ішінде 2-уі бала, - деп жазды аймақтағы ТЖД.

Өзгелердің жаңалығы